Қоғамның қызметі мен бағыты — gharysh.kz
ГлавнаяБіз туралы Қоғамның қызметі мен бағыты

Қоғамның қызметі мен бағыты

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Компания) «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы № 242 қаулысына сәйкес жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылды және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2007 жылғы 2 тамыздағы № 32 бұйрығының негізінде аты өзгертілді.

Компания Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығымен (бұдан әрі - Жарлық) бекітілген «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында құрылды.

Жарлыққа сәйкес Компания қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  • Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы ағымдағы, ұзақмерзімді және салааралық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге бағытталған ғарыш технологияларын енгізу;
  • ғарыш жүйелері мен кешендерін құру жөніндегі тәжірибелік - конструкторлық жұмыстарды жүргізу.

Компания өз қызметінде «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының заңнамасын және Компанияның Жарғысын басшылыққа алады.

Компанияның миссиясы:Қазақстанның мүддесiнде бәсекеге қабiлеттi ғарыш технологияларын енгiзу.

Компанияның пайымдауы - 2020 жылға қарай жоғары технологиялық, динамикалық дамып келе жатқан, бәсекеге қабiлеттi ғарыш жүйелерiн дербес жобалауға, жасауға және пайдалануға әрi өңiрлiк және дүниежүзiлiк нарықтарда талап етiлетiн сапалы қызметтер көрсетуге қабiлеттi Компания (оның еншiлес және тәуелдi ұйымдарын қоса алғанда).

Компания басқарушы ұйым ретiнде тапсырыстар тартуды және оларды өнiм бағыттары мен функциялары бойынша құрылған еншiлес кәсiпорындарға және тәуелдi ұйымдарға (бұдан әрi - ЕТҰ) бөлудi қамтамасыз етедi.

1 ғарыш аппараттарын және ғарыш техникасының құрамдауыштарын жобалау, ғарыш аппараттары мен ғарыш техникасының құрамдауыштарын құрастыру және сынау;

2 жерүстi инфрақұрылымын пайдалану әрi дүниежүзiлiк және өңiрлiк нарықта бәсекеге қабiлеттi ЖҚЗ деректерiн тарату бойынша қызметтер ұсыну;

3 жоғарыдәлдiктi спутниктiк навигация жүйесiнiң жерүстi инфрақұрылымын пайдалану, навигациялық қызметтер, спутниктiк навигациялық жабдықтың сәйкестiгiн бағалау қызметтерiн көрсету, навигациялық жабдық өндiру;

4 компьютерлiк инжиниринг, электрондық сату қызметтерiн көрсету;

5 ҰҒО объектiлерiн пайдалануды қамтамасыз ету.

Компанияның және оның ЕТҰ бәсекелестiкке қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн мемлекеттiк стандарттар және ғарыш қызметi саласындағы стандарттар әзiрленедi, бiрлескен басқарудың қазiргi технологиялары енгiзiледi.

Компанияның ЕТҰ Қазақстан Республикасының инновациялық-белсендi кәсiпорындар санын толықтырады. Сонымен Компания, 2020 - стратегиялық жоспарға сәйкес, мұндай кәсiпорындардың үлесiн көбейту арқылы экономиканы диверсификациялау мақсатын iске асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы №242 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес Компанияның стратегиялық бағыттары мыналар:

1 Мақсатты ғарыш жүйелерiн, технологияларын құру және оларды пайдалану.

2 «Байқоңыр» кешенiн және ғарыш аппараттары өндiрiсiнiң құралдарын дамыту.

3 Ғарыш қызметiн институционалды қамтамасыз ету.

4 Корпоративтiк басқару жүйесiн жетiлдiру болып табылады.

Компанияның мақсаттары:

Компанияның 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру үшін Компанияның 2011-2015 жалдарға арналған даму жоспары әзірленді және Директорлан Кеңесімен бекітілді (2011 ж. 14 қаңтардағы №1 хаттама). Стратегиялық мақсаттар тұрғысынан мынадай жобаларды іске асыру жоспарлануда:

1.1. мақсат «Қазақстан Республикасының аумағында ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүйе ақпаратын тұтынушылардың сапалы, координаттық-уақыттық және навигациялық қызметтердi кепiлдi алу шарттарын қалыптастыру».
Бұл мақсатқа жету үшін ҚР ЖЖНЖ жобасын іске асыру, сондай-ақ ҚР ЖЖНЖ дифференциалды стансаларының желісін кеңейту жоспарлануда.

1.2. мақсат «Экономика, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік салаларының мүддесінде Қазақстан Республикасы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің деректерін және жедел мониторинг ақпаратын тәуелсіз алу үшін жағдайлар жасауға қатысу».

Бұл мақсатқа жету үшін ҚР ЖҚЗ ҒЖ жобасын іске асыру жоспарлануда.

2.1. мақсат «Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті түрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарын жобалау және өндіру кәсіпорнын құру».

Бұл мақсатқа жету үшін ҒА ҚСК жобасын іске асыру жоспарлануда.

2.2. мақсат «Қазақстан кәсіпорындарының «Днепр» ЗТ және «Зенит» ЗТ ЗҒК коммерциялық пайдалануға қатысуы арқылы ҚР «Байқоңыр» ғарыш айлағына біртіндеп кіру үшін нақты жағдайлар жасау».

Бұл мақсатты іске асыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағында ғарыш аппараттарын және зымыран-тасығыштардың бас бөліктерін дайындау техникалық кешенін (бұдан әрі - ББД ТК) құру жөніндегі жобаға қатысу», «Қазақстан Республикасының «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Днепр» ЗТ коммерциялық пайдалануға қатысуы», «Қазақстан Республикасының «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Зенит» ЗТ коммерциялық пайдалануға қатысуы» жоспарланып отыр.

3-мақсат. «Сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті Қазақстан мүддесінде ғарыш қызметтерінің кең спектрін ұсыну мақсатында алдыңғы қатарлы ғарыш технологияларын енгізу үшін жағдайлар жасау».

Бұл мақсатқа жету үшін «Астана қ. Ұлттық ғарыш орталығының (бұдан әрі - ҰҒО) қамтамасыз етуші инфрақұрылымын салу», «Ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін (бұдан әрі - ҒТМ ҒЖ) құру», «Халықаралық ұлттық және басқа елдердің өңірлік стандарттарының (ECSS) негізінде мемлекеттік стандарттар әзірлеу», компьютерлік инжиниринг қызметтерін көрсету орталығын құру жобаларын іске асыру жоспарланып отыр.

4-мақсат. «Ғарыш саласының жоғары технологиялық жобаларын іске асыру үшін басқару бірлескен жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету.».

Бұл мақсатты іске асыру үшін бірлескен басқару жүйесін, тәуекелдерді басқару жүйесін, тиімділікті басқару жүйесін енгізу, қызметкерлерді басқару жүйесін, сапа менеджментін жетілдіру жөнінде бірлескен басқару жүйесін жетілдіру жобасын іске асыру жоспарланып отыр.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыруға қатысуы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы №1125 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілді.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИД МБ) іске асыруға бағытталған және Қазақстан экономикасының ғылымды қажетсінетін және жоғарытехнологиялық секторы ретінде еліміздің толыққанды ғарыш саласын құрудың бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі ҮИИД МБ құрамдас бөлігі болып табылады.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы ұлттық экономиканың толыққанды ғарыш саласын құруға бағытталған мынадай негізгі жобалар мен іс-шараларды орындау арқылы Бағдарламаны іске асыруға қатысады:

1 Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін (бұдан әрі - ҚР ЖҚЗ ҒЖ) құру;

Жоба мынаны көздейді:

  • айыру қабілеті жоғары және орта екі ғарыш аппаратын құру;
  • ғарыш аппараттарын жерүсті басқару кешенін құру;
  • бас ақпараттық орталық және ақпаратты қабылдау, өңдеу және тарату жерүсті стансаларының бөліп таратылған желісі кіретін жерүсті мақсатты кешенін құру.

Жобаға қатысушылар:

«Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ және EADS «Astrium» компаниясы - стратегиялық әріптес.

Пайдалануға енгізу мерзімі - 2014 жылдың аяғы.

2Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін (бұдан әрі - ҒА ҚСК) құру жобасының және Ұлттық ғарыш орталығының қамтамасыз етуші инфрақұрылымын салу шеңберінде Қазақстанда ғарыш аппараттарының (ҒА) өндірісі үшін жобалау-конструкторлық, технологиялық база құрылады және мыналар жүзеге асырылатын болады:

  • ҒА ҚСК, ҒТ АКТБ жерүсті инфрақұрылымының объектілерін салу;
  • Ұлттық ғарыштық технологиялар зетханасын, ғарыш аппараттарының жиынтықтауыштарын өндіретін кәсіпорындарды құрудың мақсатқа сәйкестігін негіздеу.

Жобаға қатысушылар:

«Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ және EADS «Astrium» компаниясы - стратегиялық әріптес.

Пайдалануға енгізу мерзімі - 2014 жылғы 4-тоқсан.

3 Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру (бұдан әрі - ҚР ЖЖНЖ) жобасы шеңберінде мыналар жүзеге асырылатын болады:

  • дифференциалды түзету және мониторинг орталығын құру;
  • тұтынушыларға Қазақстан Республикасының аумағында координаттық-уақытша ақпарат беру бойынша қызметтер көрсету үшін дифференциалды стансалар желісін өрістету.

Пайдалануға енгізу мерзімі - 2014 жылғы 4-тоқсан.

4 Қазақстан Республикасының «Зенит» ҒЗК және «Днепр» ҒЗК коммерциялық жобаларына қатысудың экономикалық тиімділігі мәселесін пысықтау. Бұл іс-шараның шеңберінде Компанияның басқарушы компаниялардың - «Днепр» ҒЗК және «Зенит» ҒЗК ұшыруларының операторлары акционерлерінің санына кіруінің әртүрлі аспектілері пысықталады. Қойылған міндетті оң шешу Қазақстанға «Байқоңыр» ғарыш айлағын бақылауда және коммерциялық пайдалануда өз ұстанымын күшейтуге мүмкіндік береді.

5 Бағдарламаның шеңберінде мынадай іс-шаралар іске асырылатын болады:

  • ғарыш қызметі саласындағы кәсіпорындарда ISO халықаралық сапа стандарттары негізінде менеджмент жүйесін енгізуді қамтамасыз ету;
  • «Ғарыш қызметі» ТК 66 ISO/ТК 20 стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның жұмысына қатысуы.

Осы іс-шараларды іске, асыру нәтижесінде 2014 жылдың аяғына қарай өзінің нормативтік құқықтық базасын және ғарыш қызметі саласындағы ISO халықаралық сапа стандарттары негізінде тиісді жұмыс істейтін менеджмент жүйесін құру көзделіп отыр.

Компанияның құрылымына мыналар кіреді:

  • Астана қаласындағы орталық офис
    Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, 010000, «Министрліктер Үйі», 4-кіреберіс.
    Тел.: +7 (7172) 74-90-40, +7 (7172) 74-94-75
    Факс: +7 (7172) 74-95-65.
  • Алматы қаласындағы офис
    Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Шевченко көш.,118-үй
    Тел.: +7 (727) 244-04-03
  • Байқоңыр қаласындағы филиал
    Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Байқоңыр қаласы, Абай даңғылы, 16-үй, Ақпараттық-есептеу орталығы (АЕО) кешені.
    Тел.: + 7 (33622) 7-50-29

Мәскеу қаласындағы өкілдік
Мекенжайы:Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы, Вернадский даңғылы, 84-үй, 2-корпус
Тел.: +7 (495) 232-52-37

Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ