ГлавнаяБіз туралы Миссиясы - сапа саласындағы компанияның саясаты

Миссиясы - сапа саласындағы компанияның саясаты

САЯСАТ

Компанияның миссиясы: Қазақстанның мүддесінде бәсекеге қабілетті ғарыш технологияларын енгізу.

Компанияның миссиясын іске асыру мақсатында басшылық мынадай даму бағыттарын белгіледі:

  • мемлекеттік, республикалық және салалық бағдарламалар бойынша іс-шараларды нәтижелі орындау;
  • ғарыш жүйелерін және кешендерін әзірлеуді, өндіруді, сынауды, ұшыруды және бұдан әрі пайдалануды басқару жөнінде сенімді және сапалы қызметтерді ұсыну;
  • дүниежүзілік нарықта бәсекеге қабілеттілігін және өнімнің әртараптануын қамтамасыз ету;
  • Компанияның капиталдануын және көрсетілетін қызметтер құндылығын арттыру;
  • ғарыш қызметі саласында норма шығармашылық қызметке қатысу;
  • ғарыш техникасын және жүйелерін әзірлеу, өндіру және пайдалану саласындағы әлемдік көшбасшылармен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық базасына және ISO 9001 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • Компания қызметін жүйелік және үдерістік тәсілдер негізінде жетілдіру және дұрыс ақпараттың негізінде басқару шешімдерін қабылдау;
  • Сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін тұрақты жақсарту;
  • Компания қызметінің барлық салаларында мемлекеттік тілді қолдану;
  • кадрларды кәсіби даярлау жүйесін жетілдіру, персоналды тарту мен сақтау және Компанияның тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін ынталандыру;
  • әр қызметкер Компанияның стратегиясын, миссиясын, құндылықтарын іске асырудағы ролін ұғынып, оларды түсіндіруге бағытталған бірлескен мәдениетті үнемі жетілдіру.

 «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ басшылығы осы саясатты іске асыруға бағытталған сапа менеджменті жүйесінің қызмет ету нәтижелілігіне және осы үшін барлық қажетті ресурстарды ұсыну жауапкершілігін өзіне алады.

Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ