Басшылар құрамы — gharysh.kz
ГлавнаяБіз туралы Басшылар құрамы

Басшылар құрамы

Нұрғалиев Ерғазы Мейірғалиұлы
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті

1954 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Самара ауданының Еспе ауылында дүниеге келді.

1977 жылы «сәулет» мамандығы бойынша Өскемен құрылыс-жол институтын аяқтады.

2001 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша Мәскеу қ. Халықаралық тәуелсіз экологиялық-политологиялық университетті бітірді. 

Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін 1977 жылы құрылыс әскерлері лейтенанті атағында мерзімді әскери қызметті өтеу үшін Бақоңыр ғарыш айлағына жіберілді. 

1977 жылдан бастап 1979 жыл кезеңінде КСРО ҚМ 130 Бас құрылыс басқармасының бөлімшелерінде қызмет етті. Байқоңыр ғарыш айлағының «Протон», «Энергия-Боран» зымыран-тасығыштардың старттық және техникалық кешендерінің құрылысында жұмыс істеді.

 1979-1989 жылдар аралығында ғарыш айлағының күрделі құрылыс басқармасында әртүрлі инженерлік қызметтерді атқарды. Байқоңыр ғарыш айлағының еңбегі сіңген құрылысшысы. 1989 жылы Ленин қалалық халық депутаттар кеңесінің Атқарушы комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 

1992-1994 жылдары қаланың бас сәулетшісі, Ленинск қаласы Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін істеді. 

1995 жылы ҚР Президентінің Өкімімен Байқоңыр ғарыш айлағында Қазақстан Республикасы Президентінің Арнайы Өкілі болып тағайындалды. 

2005-2007 жылдар кезеңінде «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерінде жұмыс істеді. 

2007 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

2011 жылы «Байқоңыр қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды.

2014 жылдан бастап  2016 жыл бойы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2016 жылы желтоқсанда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ президенті болып тағайындалды.

Мынадай мемлекеттік марапаттары бар: II дәрежелі «Достык» ордені,  «Парасат» ордені, ҚР мерейтойлық медальдарымен, әртүрлі елдердің ғарыш агенттіктерінің ведомстволық марапаттарымен, ҚР және РФ белгілерімен және дипломдарымен марапатталды.

Айдын (3).jpg
Айыбетов Айдын Ақанұлы
«Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ Ғарыштық жүйелерді құру және пайдалану вице-президенті 

1972 жылы 27 шілдеде дүниеге келді.

1993 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық училищесін бітірді  (біліктілігі «ұшқыш-инженер», мамандығы «командалық тактикалық жойғыш авиация»).

1993 жылғы мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарында қызмет етті. Ол үшқыштың 4 түрін игерді (Л-39, Миг-23, МиГ-23МЛД, Миг-27, Су-27, 470-тен астам сағат ұшуы бар).

2003-2009 жылдары Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығында жалпы ғарыштық даярлықтан өтті.

2006 жылы И.Жансүгіров атындағы Жетысу мемлекеттік университетінің физика-математикалық факультетінің «физика және информатика» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.

2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2010-2011 жылдары Қазғарыштың ғарыш қызметін дамыту департаментінің директорі қызметін атқарды.

2011 жылғы наурыздан бастап ол Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар» АҚ «Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС-те ғарыштық технологияларды ақпараттық-біліммен қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары қызметін істеді. 

2014 жылғы сәуірден бастап Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар» АҚ «Ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС директорының орынбасары болды.

2015 жылы қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш стансасына ғарышқа ұшты.

ҚР ұшқыш-ғарышкері, Қазақстан Республикасының Халық КаҺарманы, «Отан» орденінің кавалері.

2016 жылы қаңтарда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ғарыштық жүйелерді құру және пайдалану вице-президенті болып тағайындалды.

cea5d9a20a74e011687807be9f989f6c.jpg
Абдразаков Рашит Ахметович
Ұлттық ғарыш орталығын салу және пайдалану вице-президенті

1960 жылы дүниеге келді.

Алматы сәулет-құрылыс институтын «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша аяқтады, инженер-құрылысшы.

Еңбек қызметін 1982 жылы Жамбыл металл құрастырылымдар зауытында инженер-конструктордан бастады. Өзбек КСР-да Ангрен картон-жәшік комбинатының құрылысында жұмыс істеді, өндіріс жөніндегі бас инженердің орынбасары болды.

1992 жылдан бастап Астанада тұрады және «Астанаэнергосервис», «Ғаламдық технологиялар» ЖШС,  «НТЦ Новые проекты» ЖШС, «Казавиализинг» АҚ-да түрлі инженерлік және басшы қызметтерде жұмыс істеді.

2009 жылдан бастап 2014 жыл бойы «Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ-да  жұмыс істеді. Өндірістік-техникалық бөлім бастығы, күрделі құрылыс департаментінің директоры, Жобалау офисінің басшысы, Ұлттық ғарыш орталығын (ҰҒО) салу және пайдалану  вице-президенті қызметтерінде еңбек етті.

Одан кейін бір жарым жыл бойы Р. Абдразаков «Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ «Ғалам» ЖШС Қазақстан-Француз бірлескен кәспорнының «Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы» (ҒТ АКТБ) жобасының жетекшісі болды.

2016 жылы 10 тамызда  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ҰҒО салу және пайдалану вице-президенті болып тағайындалды.

Нұрсеитов Ерболсын Бектұрғанұлы
«Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ Жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті

1964 жылы дүниеге келді.

1986 жылы инженер-механик мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтін, 2009 жылы құқықтану мамандығы бойынша Халықаралық тәуелсіз экологиялық-политологиялық университетін (Мәскеу қ.) аяқтады.

Еңбек қызметін 1986 жылы Қызылорда эксперименттік жөндеу-механикалық зауытында инженер-технолог болып бастады.   

1993 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа ауысады, онда 2008 жылға дейін жұмыс істейді.

2008 жылғы қыркүйектен бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да еңбек етуде. Атқарушы директор – Әкімшілік-құқықтық департамент директоры, Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық байланыстар департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

 «Ғалам» Қазақстан-Француз кәсіпорнының Қадағалау кеңесінің мүшесі.

2015 жылғы наурызда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.

Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ