Главная Новости

Новости

02.06.2016
Қазғарыш «KADEX-2016» көрмесіне жерсеріктердің, ұшақтардың макеттерін және ғарыштық технологиялардың өнімдерін ұсынды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техника жабдықтарының ІV халықаралық көрмесінің жұмысына Қазғарыштың екі кәсіпорны – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және «Ұлттық ғылыми зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ қатысты. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ дайындаған стендін орбитада жұмыс жасап жатқан KazEOSat-1 және KazEOSat-2 Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) жерсеріктерінің макеті ажарландыра түсті. 

Екі ғарыш аппараты да (кеңістіктік айыру қабілеттері жоғары және орта) 2014 жылы ұшырылған болатын және қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 

«Біздің міндетіміз – еліміздің экономикасына, әр адамға қызмет ететін қазіргі ғарыш технологияларының іс жүзіндегі мүмкіндіктерін көрсете білу», – деді «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-тың вице-президенті Ерболсын Нұрсейітов. 

Компания дайындаған көлемі 40 ш. метр болатын стендте Астанада салынып жатқан Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінде (ҒА ҚСҚ) құрастырылуы жоспарланып отырған, ұшқышсыз басқарылатын үш ұшақтың макеті де орналастырылған. 

Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық технологиялық бюросының (ҒТ АКТБ ) тәжірибелік өндірісі өнімінің алғашқы үлгілерін көрмеде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және француздық «Airbus Defence& Space» құрған  «Ғалам» БК-ның мамандары таныстыруда. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ көрме павильонына келушілердің Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің және жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің (ЖЖНЖ) өнімдері мен қызметтері, компанияның келешегі бар жобалары туралы қажетті ақпараттардың барлығын алуына болады. 

«KADEX-2016» көрмесінде «Ұлттық ғылыми зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ-тың («ҰҒЗТО» АҚ) атынан екі ғылыми-зерттеу институты өкіл болды. 

«ҰҒЗТО» АҚ-тың Ғарыш техникасы мен технологиялары институты көрмеге келушілердің назарларына өздерінің меншігіндегі бірқатар зерттемелерін ұсынуда. Олардың ішінде авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру (ААШШ) мобильді терминалдары, мониторингілеу жүйесі мен көлікті диспечерлеуге арналған борттық терминал, бақылауда жүрген адамдарды мониторингілеу жүйесінің электрондық браслеті, жаһандық навигациялық жүйелердің сигналдарын тежегіш сияқтылар бар. Сондай-ақ, «ҰҒЗТО» АҚ ионосфера институтының ғалымдары өздерінің ғарыш технологияларын пайдалана отырып жасаған зерттемелерін ұсынды.

«Қазғарыш «KADEX» көрмесіне екінші рет қатысып отыр және біздің кәсіпорындардың көрме павильондары мазмұнды болып, келушілері әр жыл сайын көбейіп келеді. Бұл нақты жүргізілген жұмыстардың нәтижелерінің көрінісін және даму мен ынтымақтастықтың жақсы келешегін білдіреді», – деп атап өтті ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарушы Еркін Шаймағамбетов.

IMG_4346.JPG

IMG_4323.JPG

IMG_4334.JPG

IMG_4341.JPG


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ