Главная Новости

Новости

02.06.2016
БАӘ ғарыш агенттігінің делегациясы Қазақстанның ғарыш нысандарына барып шықты

IMG_42971.jpgАСТАНА. Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) ғарыш агенттігінің делегациясы жұмыс сапарымен Қазақстанда, деп хабарлайды Қазғарыштың баспасөз қызметі. Жұмыс сапары барысында БАӘ ғарыш агенттігінің өкілдері Қазақстанның ғарыш кәсіпорындарының объектілеріне барып шықты. Алматыда араб мамандары «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК жұмысымен танысты, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар» АҚ Фесенков атындағы Астрофизикалық институттың обсерваториясында болды. Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығына (ҰҒО) барған кезде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің жұмысы туралы араб әріптестеріне айтып берді. ЖҚЗ жерсеріктерін жерүсті басқару кешенінің және ғарыштық түсірілімдерді алу және өңдеу орталығының жұмысы көрсетілді. БАӘ ғарыш агенттігінің өкілдері Астанада салынып жатқан, бірегей жоғары технологиялық объект болып табылатын ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің тәжірибесіне ерекше қызығушылық білдірді. ҰҒО-да Қазғарыш төрағасының м.а. мен БАӘ ғарыш агенттігінің төрағасы Халифа Мухаммед Тани ар-Румейси ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті (Қазғарыш) мен БАӘ ғарыш агенттігі арасындағы Ғарыш кеңістігін зерттеу және бейбіт мақсаттарда пайдалану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Кеше БАӘ ғарыш ведомствосының делегациясы Астана қаласының маңындағы Аққөлге барды, онда олар тағы бір ғарыш объектісі – «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» (РҒБО) АҚ ғарыш аппараттарын жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесіне барып шықты. РҒБО вице-президенті Бауыржан Құдабаев «Қазсат» жерсеріктік байланыс және хабар тарату тобының жұмысы туралы айтып берді. «Не бары бір жарым жыл ғана бұрын Эмиратта құрылған біздің ведомствомыз үшін Қазақстанның ғарыш саласын құрудағы, жерүсті ғарыш инфрақұрылымының құрылысы үшін ең озық технологиялар пайдаланудағы тәжірибемен танысу келешек ынтымақтастық үшін аса маңызды болды», - деді жұмыс сапарының соңында БАӘ ғарыш агенттігінің басшысы Халифа Мухаммед Тани ар-Румейси.

IMG_42481.jpg


IMG_42551.jpg

IMG_79761.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ