Главная Новости

Новости

14.06.2016
ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ»ҰК» АҚ іс-шаралары туралы ақпарат

ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ»ҰК» АҚ
іс-шаралары туралы ақпарат 
өткен аптада ( 2016 жылғы маусымның 3-нен бастап 9 бойы),
сондай-ақ алдағы екі аптаға (2016 жылғы маусымның 10-нан бастап 24 бойы) 
 

 
I. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ 2016 жылғы маусымның 3-нен бастап 16-на дейінгі кезеңде өткізген іс-шаралары туралы ақпарат.
 
1. Компанияның вице-президенті А. Айымбетовтің Хартум қ. (Судан) сапары 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ғарыштық технологиялар вице-президенті Айдын Айымбетов 2016 жылғы 28 мамырдан бастап 4 маусым бойы кезеңде Қазғарыш делегациясының құрамында жұмыс сапарымен Суданда болды. Айымбетов SUNACS компаниясының өкілдерімен ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде келіссөз өткізді.  Атап айтқанда, сөз ҚР ЖҚЗ ҒЖ деректерін тарату саласындағы ынтымақтастық туралы болды.  Сондай-ақ, Қазғарыштың делегациясы Судан Республикасы ғарыш саласының объектілеріне барып шықты. 

 2. Компания басшылығының Берлинге жұмыс сапары 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин  (2016 жылғы 31 мамырдан бастап 4 маусым бойы) Қазғарыш делегациясының құрамында Берлинде ИЛА-2016 германия авиа ғарыш көрмесінің жұмысына қатысты. Компанияның басшысы француздық  Airbus Defence & Space, британдық SSTL әріптестерімен келіссөздер өткізді, германиялық DLR өкілдерімен,  JBG неміс компаниясының, Решетнев атындағы ИСС ресейлік кәсіпорынның, украиндық «Южное» КБ мамандарымен кездесті. 2-ші Еуразия Аэроғарыш конференциясының жұмысына қатысты, германия-қазақстандық қоғам өкілдерімен кездесті. Берлин техникалық университетіне бару кезінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Берлин техникалық университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

3 «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  «Кадекс-2016» қорғаныс техника көрмесіне қатысу 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ маусымның 2-нен 5 бойы кезеңде «Кадекс-2016» көрмесіне қатысты.   Компанияның мөлшері 40 ш.м. стендінде KazEOSat-1, KazEOSat-2 жерсеріктердің макеттері, ұшқышсыз ұшатын үш ұшақтың макеті, ҒТ АКТБ тәжрибелік өндіріс өнімінің үлгілері, ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ЖҚЗ ҒЖ), жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің (ЖЖНЖ) өнімдері мен қызметтері туралы кең ақпарат, компанияның келешекті бағдарламалары ұсынылды.   

4 «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да Airbus Defence and Space маркетингтік оқуын ұйымдастыру 

Airbus Defence and Space әріптестің өкілдері 2016 жылы мамырдың 3-нен маусымның 3-не дейінгі кезеңде ЖҚЗ ҒЖ мамандарын ЖҚЗ ҒЖ өнімдері мен қызметтерін маркетингтік қолдау бойынша оқытады. Airbus Defence and Space өнім жөніндегі менеджері Жером Субиран мен маркетинг жөніндегі менеджер Шарлот Габриэль-Робез, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджерлер Филомена Жайкер мен Маделин Легрос Airbus Defence and Space жетекші еуропалық концерннің маркетингтік жұмыс тәжрибесімен бөлісті. Бір аптаның ішінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ 30-дан астам қызметкері оқыды. Airbus Defence and Space Intelligence компаниясының маркетинг жөніндегі бөлімінің өкілдері мынадай: Маркетинг жөніндегі жол картасы, ЖҚЗ әлемдік нарығына шығу стратегиясы, ЖҚЗ өнімдері мен қызметтеріне баға белгілеу, ЖҚЗ өнімдері мен қызметтерін жылжыту, тапсырыс берушілермен жұмыс жүргізу тақырыптарына тренинг өткізді. ADS Intelligence пайдаланатын маркетинг құралдыра ұсынылды, ҚҒС қызметкерлеріне ҚР ЖҚЗ ҒЖ түсірілімдерінің негізінде ұқсас құралдар әзірлеу ұсынылды. Оқуда берілген барлық тұсаукесерлер «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ тапсырылды.
 
II. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ алдағы 2016 жылғы маусымның 3-нен бастап 24-не дейінгі кезеңге арналған іс-шаралар жоспары. 

1. 14-15 маусым кезеңінде Еуропамен, Ресеймен, Орталық Азия және Арктика жанындағы елдермен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы, АҚШ Геологиялық қызметінің халықаралық департамент директоры доктор Ph.D. Ингрид Верстратен Астанаға жұмыс сапары шеңберінде Ұлттық ғарыш орталығына баруды және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшылығымен кездесуді жоспарлайды. 

2. 2016 жылғы маусымның 6-нан бастап 10 бойы кезеңде Ұлттық ғарыш орталығында (Астана)  «ICS Integris Capital Solution» ЖШС (Hexagon Geospatial швед компаниясының қазақстандық өкілдігі) «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандарын Erdas Imagine бағдарламалық қамтамасыз етуде ЖҚЗ ғарыштық түсірілімдерін фотограмметриялық өңдеуді оқытудың бірінші бөлігін өткізеді. Сабақтарды «ICS Integris Capital Solution» ЖШС техникалық директоры Айдар Жамалов пен жаттықтырушы Цезарь Мендоза Кайо өткізеді. ЖҚЗ ҒЖ Орталығының директоры Айдар Қуатбаев атап өткендей ICS  компанияға 15 бағдарламалық кешен жинағын жеткізді, бұл ЖҚЗ ғарыштық түсірілімдерін қажет форматта өңдеудің жаңа мүмкіндіктерін береді. 

3. Қазақстанның ғарыш қызметін насихаттау мақсатында 2016 жылғы маусымның 8-нен бастап 12 бойы Ұлттық ғарыш орталығына Назарбаев зияткерлік мектебінің (техникалық бейін) оқушылары мен Қостанай облысының озат оқушылар делегациясы келеді. 

4. 2016 жылдың 20 маусымында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да «ImageSat International NV» (Израиль) компаниясының өкілдерімен іскеолік кездесу өткізу жоспарлануда. Бұл компания кешенді қашықтықтан зондтау негезінде жетекші шешімдердің  жаһандық жеткізуші, EROS-A и EROS-B айыру қабілеті жоғары және аса жоғары Жерді бақылау оптикалық жерсерігінің иесі мен операторы болып табылады. Бұл кездесудің мақсаттары Жерді қашықтықтан зондтау саласында білім мен тәжірибені, бірлескен зерттемелер мен көрсетілетін қызметтер нұсқаларын талқылау болады. 

Сара Нұрғалиева, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің БАҚ-пен және жұртшылықпен байланыс кеңесшісі


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ