Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

16.06.2016
АҚШ геология қызметі Қазғарышпен ынтымақтастықты нығайтады


АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ Еуропамен, Ресеймен, Орталық Азия елдерімен және Арктика жанындағы елдермен жұмыс бөлімінің басшысы, АҚШ Геология қызметінің Халықаралық бағдарламалар департаментінің директоры Ингрид Верстратен Астанаға жұмыс сапары аясында Ұлттық ғарыш орталығына (ҰҒО) барып шықты.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өкілдерімен келіссөз уақытында АҚШ Геология қызметінің тәжірибесі ескеріле отырып, Қазақстанда ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын (ҰКДИ) құру мәселелері талқыланды.

Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) орталығы мамандарының қатысуымен өткен кездесуде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ негізінде ЖҚЗ деректерін тиімді пайдалану бойынша Орталық Азия мамандарының біліктілігін арттыру жөнінде семинарлар ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылды.

Сондай-ақ, тараптар өкілдері үкіметтік бағдарламалар мен жобалардың гранттарын бірлесіп іздеу, ҚР ЖҚЗ ҒЖ ұлттық операторы ретінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  «Ғарыш және ірі апаттар» халықаралық хартиясына кіруі сияқты ұйымдық мәселелерді талқылады.

АҚШ Геология қызметінің халықаралық бағдарламалар департаменті директорының ҰҒО келуі және мамандармен кездесуі бірінші рет емес. Ингрид Верстратен пікірі бойынша «Қазақстан өзінің қазіргі заманға сай Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі болғандықтан, Орталық Азия өңірі үшін ғарыштық түсірілімдер жеткізуде көшбасшы бола алады».



IMG_4559.jpgIMG_4558.jpgIMG_4557.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ