Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

26.07.2016
2016 жылы 26 шілдеде Астанада Ұлттық ғарыш орталығында (ҰҒО) қазақстандық журналисттердің баспасөз туры өтеді.


ҰҒО-ға Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйелері (ЖҚЗ ҒЖ), жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация (ЖЖНЖ) жүйелері, сондай-ақ салынып жатқан ғарыштық және әлеуемттік инфрақұрылым нысандары кіреді.
 
БАҚ өкілдерін болашақ «ғарыш қалашығының» жобасымен, сондай-ақ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметінің жалпы тұсаукесерімен компания президентінің м.а. Марат Нұрғожин таныстырады.
 
Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйелері (ЖҚЗ ҒЖ) орталығында журналистерге KazEOSat-1 және  KazEOSat-2  ғарыш аппараттарының Жердің ғарыштық мониторингі бойынша жұмысын көрсетеді. Компания мамандары ғарыш түсірілімдерін алу және өңдеу технологиясы, ҚР ЖҚЗ ҒЖ өнімдері мен қызметтерін ел экономикасы үшін қолдану мүмкіндіктері туралы айтып береді.
БАҚ өкілдері қазақстандық жоғарыдәлдікті навигация жүйесінің жұмысымен танысады, ЖЖНЖ дифференциалды түзету және мониторинг орталығына (ДТМО), сәйкестікті бағалау зертханасына (СБЗ) барып шығады.
Баспасөз-турдың қатысушыларына ғарыш техникасының арнайы конструкторлық бюросы (ҒТ АКТБ) құрылысының барысын, сондай-ақ ҒТ АКТБ тәжірибелі өндірісі әзірлеген және шығарған ғарыш техникасы бөлшектерінің алғашқы үлгілерін көрсетеді.
Аддитивті технологиялар жөніндегі жұмыстардың толық өндірістік циклі ҒТ АКТБ 3Д принтинг учаскесінде көрсетілетін болады.
 «Ғалам» БК мамандары БАҚ өкілдеріне кәбіл өнімі өндірісінің учаскесін көрсетеді, сондай-ақ оларға ғарыш аппараттарының құрамдас бөліктері жиналатын мини «таза» залдарға кіріп шығудың бірегей мүмкіндігі беріледі.
Журналистер Ұлттық ғарыш орталығының «жүрегі» болып табылатын, қазір салынып жатқан ғарыш техникасының құрастыру-сынау кешенін (ҒТ ҚСК) көреді.
Бұл бірегей нысанның қүрылыс барысы, АКТБ қазіргі заманғы технологиялық жабдықпен толтыру, ғарыштық технологияларды енгізудің келелі мәселелері,  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ даму келешегі туралы компания президентінің м.а. Марат Нұрғожин және ғарыштық технологиялар вице-президенті, ҚР ұшқыш-ғарышкері Айдын Айымбетов айтып береді.




Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ