Главная Новости

Новости

14.07.2016
ЖҚЗ ғарыш жүйесі ауылшаруашылық саласындағы қылмысты ашуға көмектесті

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлеріне ауылшаруашылық саласында қылмыстық істі тергеу кезіндегі өте жақсы жұмысы мен көмегі үшін алғыс білдірді. 

Бұл туралы өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің орынбасары Амантай  Есімов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожиннің атына жолдаған хатында жазған. 

«Біз «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ тәжірибесін, әсіресе 2015 жылы егін себу уақытында Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Орманды селолық округының  «Бидай Торг» ЖШС алқаптарында ауылшаруашылық егістің болуын анықтау бойынша Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) деректерін шұғыл және дұрыс талдау жүргізген Геоақпараттық технологиялар орталығы (ГАТО) мамандарының кәсібилігін жоғары бағаладық», - делінген хатта. 

Жерді қашықтықтан зондтау жерсеріктерінен алынған түсірілімдер субсидиялық төлемдерді заңсыз алудың дәлелі болды, нәтижесінде кінәлілер мемлекеттің бюджетіне 34 490 500 теңге қайтарды. 
Біздің агенттіктің өтініші бойынша бұл жағдайды ГАТО тақырыптық өңдеу бөлімінің бастығы Гүльнар Қабжанова түсіндіріп берді. 

«2015-те біздің ГАТ орталығы ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің тапсырысы бойынша республиканың солтүстік астық себуші өңірінің ауылшаруашылық өндірісінің ғарыштық мониторингін жүргізді. 

Мониторинті KazEOSat-2 отандық жерсерігі жүргізді – бұл 6,5 метр кеңістіктік айыру қабілетімен оптикалық-электронды аппарат. Сондай-ақ жұмыста Landsat-8 жерсерігінің деректері пайдаланылды, олар шартты түрде тегін болып табылады және 30 метрлік кеңістіктік айыру қабілетінде ортақ қол жетімді», - дейді Г.Қабжанова. 

Осы өңірдің өсімдік шаруашылығындағы негізгі агротехникалық операцияларға ЖҚЗ деректерінің негезінде мониторинг жүргізілді: егін егу мерзімдерін бағалау, ауылшаруашылық егімтіктердің жағдайын айқындау, егіннің өнімділігін болжау, ауылшаруашылық дақылдарды жинау қарқынын бағалау. 

Отандық ЖҚЗ пайдалану, сондай-ақ кадастрлік деректермен ықпалдастыру жекелеген шаруашылықтар деңгейінде ауылшаруашылық өнідірісті нақтылап қадағалауға ықпал еткенін атап өткен жөн. 

Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өтінішінен кейін «Бидай Торг» ЖШС шаруашылығы бойынша мұрағаттық ғарыш түсірілімдеріне талдау жүргізілді және 2015-тегі егіс аудандары көрсетіле отырып, ЖҚЗ деректері ұсынылды. Осы деректердің арқасында, көрсетілген алқаптарда топырақты өңдеу және басқа ауылшарушылық жұмыстар жүргізілмегенін дәлелдеуге болды, бұл шаруашылықты субсидиялаудың заңсыздығын көрсетті.

Қазіргі уақытта Орталықта ауылшаруашылық өндірісінің мониторингін жүргізу үшін геопортал құру жұмыстары жүргізілуде, оның негізінде  ЖҚЗ деректерін пайдалана отырып ауылшаруашылық  егістіктерінің ауданы мен жағдайын дұрыс және шұғыл бағалау мүмкіндігі пайда болады, ауылшарушылықта субсидиялау және агросақтандыру үдерістерінің ашықтығы қамтамасыз етіледі», - атап өтті сөзінің соңында Г. Қабжанова.


1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

5.jpg

6.jpg

7.jpg

8.jpg

9.jpg

IMG_5006.JPG

IMG_5126.JPG


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ