Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

15.07.2016
ҚР Инвестициялар және даму министрі Ұлттық ғарыш орталығына келіп кетті

IMG_5080-1.jpgАСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек бүгін Астанада салынып жатқан Ұлттық ғарыш орталығына келіп кетті. Ғарыштық инфрақұрылым нысанына министрмен ҚР ИДМ бірінші вице-министрі Альберт Рау, ҚР ИДМ жауапты хатшысы Замир Сағынов бірге жүрді. Министрліктің делегациясымен ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының м.а. Еркін Шаймағамбетов пен Қазғарыш төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков ере жүрді. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин ҚР ИДМ басшылығына ғарыш орталығының макетін ұсынды, оған ЖҚЗ ғарыш жүйесінің (ЖҚЗ ҒЖ) қолданыстағы жерүсті кешендері, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйелері (ЖЖНЖ), салынып жатқан ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешені (ҒА ҚСК), 30 гектар алаңда басқа өндірістік үй-жайлар, әкімшілік және тұрғын үй аймағы кіреді. ЖҚЗ орталығында жерүсті басқару кешеніне (ЖБК) және жерүсті мақсатты кешеніне (ЖМК) барған кезде қонақтарға KazEOSat-1 және KazEOSat-2 ғарыш аппараттарының Жердің ғарыштық мониторингі жөніндегі жұмысы көрсетілді, компанияның мамандары ғарыштық түсірілімдерді алу және өңдеу технологиясы, ел экономикасы үшін ҚР ЖҚЗ ҒЖ өнімдері мен қызметтерін қолдану мүмкіндіктері туралы айтылды.  Министр Ж. Қасымбек ЖЖНЖ диффренциалды түзету және мониторинг орталығына барып шықты, сондай-ақ сәйкестікті бағалау зертханасының жұмысымен танысты. «Ғалам» БК бас директорі Баубек Оралмағамбетов ұсынған кәбіл өнімі өндірісінің учаскесі жоғары лауазымды қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды. ҚР ИДМ басшылығына ғарыш техникасының болашақ конструкторлық технологиялық бюросының «қасиетті жерін» - ғарыш аппараттарының құрамдас бөліктері жиналатын таза залдарды көрсетті. Бірегей жоғары технологиялық ҒА ҚСК құрылысының барысы туралы бас мердігердің – «Құлагер» құрылыс компаниясының өкілдері айтып берді. Ғарыш техникасын жобалау және жинау жөніндегі жұмыстардың толық өндірістік циклі ғарыш техникасының арнайы технологиялық бюросының 3Д принтинг учаскесінде көрсетілді.ҰҒО-ға жұмыс сапарының соңында министр «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ айналысатын барлық негізгі жобалар қолдау табатынын атап өтті. «Мемлекет Басшысының елдің ғарыш саласын құру жөніндегі тапсырмасы орындалады. Бүгінгі негізгі міндет – бұл ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру», - деді Ж.Қасымбек.


IMG_5070-1.jpg

IMG_5097-1.jpg

IMG_5066-1.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ