Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

26.07.2016
Баспасөз-анонс

Еуразиялық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы жөнінде конференция.
Ұлттық геоақпараттық жүйенің Road Show.   

2016 жылы 27 шілдеде сағат 9.00-де «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ ғимаратында Еуразиялық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы жөнінде конференция  өтеді. Сонымен қатар, конференция шеңберінде Ұлттық геоақпараттық жүйенің Road Show өтеді. «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ бірлесіп конференцияның ұйымдастырушылары болды. Конференцияның жұмысына геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) саласындағы жетекші сарапшылар, шетелдік және отандық ГАЖ компанияларының өкілдері,  АҚШ, Канада, Швейцария, Өзбекстан, Қырғызстан, Корея, Ресей, Беларусь, Монғолия мемлекеттік органдарының және бизнес-нарығының өкілдері қатысады. Конференция қатысушылары ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын (ҰКДИ) және Еуразия өңірі елдерінің ұлттық геоақпараттық жүйелерін құру тәжірибесімен бөліседі, сондай-ақ сервистік ақпараттандыру моделі мен ақпараттық жүйелерді әзірлеуде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік моделі жөніндегі мәселелерді талқылайды. Шақырылған шетелдік және отандық компаниялар ГАЖ саласындағы алдыңғы қатарлы зерттемелерді, ГАЖ-технологиялары саласындағы өз өнімдері мен шешімдерін көрсетеді. 

Конференция бізге озық идеяларды, модельдер мен шешімдерді таңдауға, жүйені құру жұмысына аса тиімді компанияларды тартуға мүмкіндік береді.  Іс-шара өтетін жер: Астана қ., Есіл ауд., Тұран даңғ., 89 («Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ ғимаратында). 

Туындаған мәселелер жөнінде: Құралай Темірғалиеваға 8 (7172) 95 46 49, эл.мекенжайы: ktemirgaliyeva@zerde.gov.kz. хабарласа аласыз.
БАҚ өкілдерін тіркеу мәселелері жөнінде: Сара Нұрғалиеваға 8(7172) 769414, sarahinfo@mail.ru  Кирилл Волковқа 8 (7172) 57 08 37, эл.мекенжайы: kvolkov@zerde.gov.kz хабарласа аласыз. Конференцияға тек тіркелген қатысушылар ғана кіре алады. БАҚ өкілдерін тіркеу 2016 жылы 25 шілдеде, сағат 18.00 дейін өтеді.      
 
    
«Зерде» холдингі» АҚ баспасөз қызметі
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ