Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

29.07.2016
Журналистер Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығына келіп кетті

АСТАНА.  МЕНШІКТІ АҚПАРАТ. Қырықтан астам Қазақстандық БАҚ өкілі Қазғарыш ұйымдастырған Астанада салынып жатқан Ұлттық ғарыш орталығына баспасөз турының қатысушы болды.  

Салынып жатқан ғарыш инфрақұрылымы ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің ведомстволық қарасты кәсіпорыны «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ тиесілі.  

ҰҒО 30 га ауданда орналасқан, қолданыстағы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ЖҚЗ ҒЖ) жерүсті кешендері, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі (ЖЖНЖ), салынып жатқан ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешені (ҒА ҚСК), сондай-ақ басқа өндірістік ғимараттар, әкімшілік және тұрғын үй аймағы кіреді. 

«Компания іске асырып отырған негізгі үш жобаның екеуі – ЖҚЗ ҒЖ мен ЖЖНЖ жерүсті инфрақұрылымы іске кірістірілді және штатты режимде жұмыс істейді. Бүгін біздің негізгі міндетіміз – ғарыш орталығының негізгі нысаны – ҒА ҚСК құрылысын аяқтау және жұмысын бастау», - деп атап өтті «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  президентінің м.а. Марат Нұрғожин.

ЖҚЗ ҒЖ орталығында журналистерге тәулік бойы Жердің ғарыштық мониторингін жүргізетін KazEOSat-1 және  KazEOSat-2 жерсеріктерін басқару үдерісін көрсетті, ғарыштық түсірілімдерді алатын және өңдейтін мамандардың жұмысы туралы айтып берді. 

Мысалы, 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында ғана 5 миллион шаршы км-ден артық аумақтың түсірілімдері жасалды. Ғарыштық мониторингтің бұл өнімі ҚР мемлекеттік органдарына өтеусіз тапсырылды. Мысалы ғарыштық түсірілімдердің мұндай көлемі 11 миллион доллар құрайды. 

Сыртқы нарық туралы айтсақ, ЖҚЗ орталығының бір жылдам астам жұмысы ішінде компания шетелдік үкіметтер мен компанияларға 40 млн. теңгеге ғарыштық түсірілімдер сатты. 

ЖҚЗ ҒЖ қызметтерін ел экономикасына, халыққа, шетелдік тапсырыс берушілерге ұсыну мүмкіндіктері туралы ғарыштық технологиялар вице-президенті, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов айтып берді. 

Одан әрі журналистер ЖЖНЖ ғимаратына барды, онда орталықтың директорі Нұрған Кемербаев қазақстандық жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің жұмысы туралы айтты. ЖЖНЖ диффренциалды түзету және мониторинг орталығында (ДТМО) Астанадағы «Алаш» үлкен көлік көпірі мысалында журналистерге оның формасының өзгеруін қадағалауда, сондай-ақ тоннелдердің, бөгеттердің бұзылу салдарынан болатын апаттардың алдын алуда ЖЖНЖ жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетті. 

Тікелей құрылыс алаңында компанияның вице-президенті Ерболсын Нұрсейітов ғарыш аппаратарының құрастыру-сынау кешені (ҒА ҚСК) құрылысының барысы туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

Бұл ғарыш инфрақұрылымының бірегей жоғары технологиялық нысанын Ұлттық ғарыш орталығының «жүрегі» деп  атау кездейсоқ емес. Болашақта, тап осы жерде Қазақстанда жасалған ғарыш аппараты жиналатын болады. 

Оның жанында тәжірибелі өндіріс пен сынау учаскелері құрылған ғарыш техникасының арнайы конструкторлық технологиялық бюросының (ҒТ АКТБ) құрылыстық дайындығы 80 пайыз құрайды. ҚСК құру біршама қалыс қалуда және 30 пайызы ғана дайын. «Енді ҚЭН түзетілгеннен кейін, ҚСК жобасындағы қазақстандық қамту 10-нан 55 пайызға дейін көбейтілді», -деп атап өтті Е. Нұрсеійтов.
Ғарыш техникасының сынау учаскелерімен танысу баспасөз-турдың ең қызықты сәті  болды. Журналистерге ҒТ АКТБ тәжірибелі өндірісі әзірлеген және шығарған ғарыш техникасы бөлшектерінің алғашқы үлгілерін көрсетті, 3Д принтинг учаскесінде олар аддитивті технологиялар жұмысының толық өндірістік циклін көрді. Баспасөз-турдың қатысушыларына ғарыш аппараттарының құрамдас бөліктері жиналатын кішкентай «таза» залдар қатты әсер етті. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ келешегі бар жобаларының арасында – ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру. Технологиялық микро-жерсерік пен ғылыми нано жерсерікті жобалауды және жинауды қазақстандық мамандар жүргізеді.     

«Ғалам» ЖШС Бас директорі Баубек Оралмағамбетов STSat технологиялық жерсерігі Жерді қашықтықтан зондтаудың жүйесімен жабдықталатынын айтып берді. «STSat негізгі ерекшелігі, қазақстандық мамандардың технологиялық зерттемелерінің көмегімен жиналған алғашқы отандық жерсерік болатынында. Мысалы оның борттық компьютері, бағдарламалық қамтамасыз етуі және күн бергіштері толық қазақстандық конструкторлармен жасалған. Ғарыш аппаратының қазақстандық қамту үлесі  37% құрайды», - деп атап өтті ол. Қазір жерсерік дайын және барлық қажетті сынақтардан өтуде. Екінші жерсерік Жер ионосферасының мониторингі және ионосферасын бағалау үшін арналған, сондай-ақ жер сілкіністердің алдын алу мақсатында қазақстандық мамандар CubeSat технологиясы бойынша жасаған. Екі аппарат 2017 жылы «Днепр» зымыран-тасығышпен ұшырылады. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары»  ұлттық компаниясының басшысы Марат Нұрғожин даму келешегі туралы айта отырып, негізгі өндіріс аймағынан басқа, 2020 жылға қарай ҰҒО екінші кезегін іске қосу жоспарланғанын атап өтті. Оған Қазғарыштың 700-ден 1000 дейін маманы тұратын тұрғын үй кешені кіреді. Мұнда балабақша, спорттық сауда кешені, қонақ үй орналасады. Аумақта мұражай аймағы ашылады, онда зымыран тасығыштардыңң макеттері орналастырылады, «ғарыш қалашығында» көрме павильондар және студенттерге арналған обсерваториялар салынады. 

Журналистердің пікірі бойынша, Ұлттық ғарыш орталығына баспасөз-тур танымдық болды. «Біз үшін Қазақстанда жасалатын ғарыштық технологиялар мүмкіндіктерін көрсету, ел экономикасы үшін, әр қазақстандық үшін олардың пайдасын көрсету аса маңызды болды. Бұл мәселеде біз өзіміздің әріптес-журналистерімізге сенеміз», - деді баспасөз-тур соңында Қазғарыштың баспасөз қызметінің басшысы Әсет Нұркенов.

IMG_5202.JPG

IMG_5218.JPG

IMG_5226.JPG

IMG_5233.JPG
IMG_5257.JPG
IMG_5277.JPG
IMG_5293.JPG
IMG_5308.JPG


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ