Главная Новости

Новости

09.08.2016
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті тағайындалды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің 2016 жылғы  8 тамыздағы шешімімен Марат Нұрғожин компанияның президенті болып сайланды, деп хабарлайды «ҚҒС» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.  

Директорлар кеңесі шешімінің негізінде тағайындау туралы бұйрыққа тап сол күні Қазғарыш төрағасының міндетін атқарушы Еркін Шаймағамбетов қолын қойды. 

Марат Нұргожин 59 жаста, Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесінің түлегі, техникалық ғылымдар докторы, профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академияның академигі.  

2008 жылдан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ бірінші вице-президенті, 2013 жылғы тамыз айынан бастап -  «ҚҒС» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.  

Бүгінгі күні «ҚҒС» ҰК» АҚ Қазақстанда ғарыштық технологияларды құру және енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Компания ҚР Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін (ЖҚЗ ҒЖ), жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесін (ЖЖНЖ) пайдалануда, ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін  (ҒА ҚСК) құру жобасын іске асыруда. 

Марат  Нұрғожин  белсенді ғалым, 200-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік  жұмыстың, 7 монографияның, 2 оқулықтың, 1 патенттің, 6 авторлық куәліктің авторы болып табылады. 30 жылдан астам бойы жобалау шешімдерінің  автоматтандырылған талдау және жобалау үлгілері мен әдістерін жасау проблемасымен айналысуда. 

Нұрғожин «Ғарыш жүйелері және қызметі» стандарттау жөніндегі ХТК-535 Халықаралық техникалық комитетіне басшылық етеді, «Ғарыш қызметі» стандарттау жөніндегі ТК-66 Қазақстан Республикасы Ұлттық техникалық комитетінің төрағасы, ғарыш қызметі саласында шамамен 80 ұлттық стандартты әзірлеу жетекшісі, ТМД елдерінің  Дәнекерлеу және  біртектес технологиялар  мәселелері бойынша  мемлекетаралық ғылыми кеңестің мүшесі,  Халықаралық ақпараттандыру академиясының вице-президенті,  осы академияның толық мүшесі, ҚР Ұлттық инженерлік академияның толық мүшесі болып табылады.
 
«Кұрмет» орденінің, «THE NAME IN SCIENCE AWARD» халықаралық наградасының иегері, М.Нұрғожиннің 21 ғасырдың көрнекті ғалымдарының халықаралық тізіліміне енгізілді.

IMG_7010.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ