Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

15.08.2016
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да құрылыс жөніндегі вице-президент тағайындалды»

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ – 2016 жылдың 15 тамызынан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның құрылыс жөніндегі вице-президенті болып Рашит Абдразаков тағайындалды.  

Тағайындау туралы бұйрыққа компания президенті Марат Нұрғожин қол қойды.  

Рашит Абдразаков 56 жаста, инженер-құрылысшы.  

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да 2009 жылдан 2014 жылға дейін өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы, күрделі құрылыс департаментінің директоры, Жобалық кеңсе жетекшісі, Ұлттық ғарыш орталығын (ҰҒО) салу және пайдалану вице-президенті болып қызмет атқарды.  

Соңғы бір жарым жылда Р. Абдразаков «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның «Ғалам» ЖШС еншілес кәсіпорнының «Ғарыштық техниканың арнайы конструкторлық бюросы (ҒТ АКБ)» жобасы  менеджері қызметін атқарды.  

Ұжымға өзінің құрылыс мәселелері жөніндегі орынбасарын таныстыра отырып, М.Нұрғожин: «Қазір компанияның құрылыс блогына бірегей жоғары технологиялық ғимарат – ғарыштық аппараттарды құрастыру-сынау кешенін құру бойынша үлкен жауапкершілік артылып отыр. Сондықтан Қазғарыш және жоғары тұрған органдармен келісім бойынша компания басшылығы ҰҒО құрылысының бірінші күнінен бастап топпен бірге болып, жұмыстың барлық мәселелері мен ерекшеліктерін білетін кәсіпқойды осы учаскеге тарту туралы шешім қабылдаған болатын», - деп атап өтті.

IMG_7457 (2).jpg

IMG_3185.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ