Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

24.08.2016
КСРО туы Одақ тарағанға дейін бірнеше апта бұрын ғарышта көтерілген

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – 22 тамызда Ресейде Ресей Федерациясының мемлекеттік туы күні атап өтілді, оны президент Борис Ельцин «1991 жылғы тамыз оқиғасы уақытында Ресей тарихи туының қалпына келу құрметіне» жариялаған. 

Ұлы және қуатты КСРО тағдырын шешкен тамыздағы «бүлікке» дейін бірнеше күн бұрын ғана орақ пен балғасы бар қызыл ту ғарыштық биіктікке көтерілді. Содан бері 25 жыл өтті. 

Көп жылдар өткеннен соң, бұл тарихи сәт туралы осы оқиғаға қатысқандар және өз көзімен көргендер https://www.facebook.com/artsebar/videos/1137107129668631/  бейнесюжетінде әңгімелейді.

Өзімен бірге есепке алынбаған жүкті – КСРО туын алуға бел байлаған ғарыш кемесі экипажының командирі, кеңестік ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, ашық ғарышқа 6 рет шыққан Анатолий Арцебарский еді.
 
Айтпақшы, 1991 жылы қазан айында бірінші қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров Жерге оралған «Союз ТМ-12» ғарыш кемесінің командирі болған тап осы   А. Арцебарский.
 
Ғарышкер Арцебарскийдің тағдыры одан әрі де Қазақстанмен байланысты болды. Соңғы тоғыз жылда  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Мәскеудегі өкілдігінің басшысы болып жұмыс істейді. 

artsebarsky_big.jpg

DSC_5784.JPG


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ