Главная Новости

Новости

26.08.2016
Қазақстанның 15 мемлекеттік органы Жерді қашықтықтан зондтауды қолдану мүмкіндіктерін зерттеді

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ЖҚЗ ҒЖ) деректерін пайдалану және қолдану бойынша мемлекеттік органдар өкілдерін тоғыз ай  оқытуда. 

Бүгін ЖҚЗ ғарыштық түсірілімдерін жерүсті басқару және алу кешендері, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйелері орналасқан Ұлттық ғарыш орталығына қазақстандық шекарашылар келіп шықты. 

Президенттің м.а. Ерболсын Нұрсейітов пен компанияның вице-президенті Айдын Айымбетов еліміздің шекара әскерлерінің өкілдеріне шекарамен шектес аумақтың ғарыштық мониторингінің мүмкіндіктері, оларды жерсеріктік навиагция жүйесі жұмысында қолдану туралы әңгімелеп берді және көрнекі көрсетті. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ЖҚЗ Орталығының директорі Айдар Қуатбаев атап өткендей, 2015 жылғы желтоқсаннан бастап 2016 жылғы тамыз бойы ғарыштық технологияларды экономиканың түрлі салаларындаға міндеттерді шешу үшін дұрыс қолдану жөнінде Қазақстанның 15 мемлекеттік органының 140-тан астам маманы оқыды.     

Жуырда болған жағдай ЖҚЗ ҒЖ тиімділігін көрсетеді, онда ғарыш түсірілімдерін талдау көмегімен Қостанай облысының алақол аграрийлері дала жұмыстарын орындаған тәрізді алған жүз миллиондаған теңге қазнаға қайтарылды. 

ЖҚЗ деректерін шұғыл беру үшін компания вебпортал әзірледі, ол пайдаланушыларға (мемлекеттік органдарға, ұйымдарға) ғарыш аппараттарының кеңістіктік айыру қабілеті жоғары және орта түсірілімдерін қарауға арналған каталогпен алыстан (Internet – cof.gharysh.kz, жергілікті желі арқылы) кіруге мүмкіндік береді. Осы жерде талап етілетін өңдеу деңгейімен өнімге тапсырыс беруге болады.

Мемлекеттік органдардың өкілдері осы оқудың қажеттігі мен пайдалылығын жоғары бағалайды. Апталық курсты өткеннен кейін оларға сертификат беріледі, компанияның мамандары ЖҚЗ қолдану жөнінде консультацияларды алыстан жүргізуді жалғастыра береді.


IMG_5641 (1).JPG
IMG_5657.JPG
IMG_5680.JPG




Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ