Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

27.08.2016
Қазақстандық ЖҚЗ жерсеріктері Шу алабындағы сора егістігіне мониторинг жүргізуде

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі сораны өнеркәсіптік қайта өңдеу екі жобасы бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сөз есірткі емес сораны, осы өсімдіктің сабағынан қағаз жасау үшін жыл сайын егу және өсіру туралы. Бұған ОҚО-дағы кәсіпорын – «Сайрам целлюлоза-қағаз комбинаты» ЖШС бастамашы болып табылады. 

Мемлекеттік қолдау тапқан екінші жоба – Шу алабында жабайы өсетін сораны өнеркәсіптік мақсаттарда қайта өңдеу. Оны іске асырумен жергілікті «Xeloria» ЖШС айналысады. Компания өсімдікті есірткі заттардан тазартуды және Еуропа мен АҚШ елдеріне косметикалық, тамақ өнімдерін, тыңайтқыштар мен ББҚ өндірісі үшін экспортқа кететін сұйық экстракт өндіруді жоспарлап отыр, деп хабарланған ақпаратта. 

ҚР ИДМ тапсырмасы бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ сора егістігі аумақтарына ғарыштық мониторинг жүргізуде. 

Біздің агенттікке «Қазақстан Ғарыш Сапары»  ҰК» АҚ Геоақпараттық технологиялар (ГАТ) орталығы директорының м.а. Мирғали Әлимағамбетов хабарлағандай,  далалық зерттеу барысында (Жамбыл облысы Шу аудыны әкімдігінің көмегімен) Жамбыл облысы аумағында Шу алабында сора өсетін аймақ шекаралары нақтыланды. ГАТ орталығының мамандары, жабайы сора өсетін кең аумақ құм жерде екенін анықтады. Аталған аумақтағы құрамында есірткі бар өсімдіктердің биіктігі 2 метрден биік. 

Жаңа жиналған спектрлі пікірлерді пайдаланумен KazEOSat-1 және KazEOSat-2 қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсеріктердің деректерін өңдеу нәтижелері бойынша сора өсетін аймақтың жалпы ауданы шамамен 1 484 га. құрады. 

Қазіргі уақытта кеңістіктік деректер, векторлы қабаттар базасын құру және редакциялау жұмыстары, сонымен қатар құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсетін жерлерін анықтау мақсатында ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу жүргізу бойынша камералды жұмыстар, жүргізілген дала жұмыстарының нәтижелерін пайдалана отырып, ғарыштық түсірілімдерді сыныптау арқылы жүргізілуде. 

Бекітілген жоспарға сәйкес, 2016 жылдың аяғына дейін мүдделі мемлекеттік органдарға жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін көзбен шолуға және қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін геосервис (геопортал) құру көзделген, деп атап өтті «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

null

 null




Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ