Главная Новости

Новости

08.09.2016
Ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешеніне арналған жабдық Қазақстанға жеткізіле басталды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Бүгін Астанаға Бордо қаласынан арнайы авиарейспен салынып жатқан ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешені (ҒА ҚСК) үшін Еуропадан технологиялық жабдық жеткізілді. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша ҒА ҚСК сынау учаскелерінің жабдығын жеткізу 2016 жылдың қыркүйек-қазанында жүргізіледі. Барлық жұмыстар стратегиялық әріптес – Airbus Defence&Space француз компаниясымен жасасқан келісімшарт негізінде жүргізіледі. 

Сыналатын техниканың ерекшелігі мен сезгіштігін ескере отырып, жабдықты жеткізу екі кезеңге бөлінді. ҒА ҚСК арналған жабдықтың бірінші бөлігі Астанаға АН-124 «Руслан», «Боинг747» үш жүк ұшақпен келеді. Бұл электроманитті үйелісімділік камерасына, жаңғыртқыш акустикалық камераға, діріл жүйесіне, массалар қасиеттерін өлшеу жүйесіне, жерүсті қосалқы механикалық жабдыққа арналған жиынтықтауыштар. 

Бүгін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Airbus Defence&Space мамандары кедендік рәсімдер жүргізілгеннен кейін ҚСК арналған технологиялық жабдықпен бірінші ұшақты қабылдады. Апта ішінде тағы екі борттың келуі күтіледі деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі. 

Жеткізудің екінші бөлігі – бұл қарамы үлкен жабдық. Термовакуумды акустикалық камераның (ТВАК) тасымалы басталғаны туралы біз бұрын http://www.inform.kz/rus/article/2932938 айтқанбыз. ТВАК Астанаға теңіз, өзен арқылы және автокөлікпен осы жылғы қыркүйектің соңында – қазан басында жеткізіледі. 

«Қазіргі уақытта қымбат жүкті  ұшақтан тікелей көлік құралдарына түсірумен «Астана халықаралық әуежайы» АҚ терминалы өңдеу жөніндегі техникалық мәселелер пысықталды», -  деп хабарлады «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Марат Нұрғожин біздің агенттікке. «Бұл Орта Азия мен ТМД аумағында ғарыш саласының негізгі нысанын Қазақстанда құрудың аса маңызды кезеңі», - деп атап өтті ол. 

ҒА ҚСК жобасын іске асыру және оны одан әрі пайдалану үшін 2010 жылы «Ғалам» ЖШС қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны құрылғанын еске түсірейік, оның 72,0% акциясы «ҚҒС» ҰК» АҚ, 0,5% - ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендурі комитетіне тиесілі. Француз тарапынан Airbus Defence&Space компаниясы құрылтайшы болып табылады, ол кәсіпорын акцияларының 27,5 % ие.

WhatsApp Image 2016-09-08 at 18.13.01.jpeg

WhatsApp Image 2016-09-08 at 18.13.02 (1).jpeg

WhatsApp Image 2016-09-08 at 18.13.02.jpeg

WhatsApp Image 2016-09-08 at 18.13.03.jpeg



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ