Главная Новости

Новости

14.09.2016
Айдын Айымбетов. Ғарыштан кейінгі бір жыл.

IMG_5293.JPG

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Осыдан бір жыл бұрын, 2015 жылы 12 қыркүйекте Айдын Айымбетов ғарышқа ұшып қайта оралды. Қазақстандық ғарышкер үшін Жерде өткен осы жыл қалай өтті, бұл туралы ол біздің агенттікке берген сұхбатында айтып берді.

 Айдын А
қанұлы, сіздің өмірбаяныңызда екі маңызды күн ғарышқа ұшқан күн - 2 қыркүйек  және Жерге оралған күн пайда болды. Сіз оларды қалай атап өтесіз?

А. Айымбетов: Шынымен, ғарышкер үшін бұл айрықша мәнді күндер. Ғарышкер болатын, ғарышкер болып туатын күн. Және Байқоңыр жеріне, анаңа сияқты ризашылық сезімі. Ал қайтып оралу – бүл Жерде екінші рет туылу, бұл туралы өз естеліктерінде менің тәлімгерім, үшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев дәл айтқан. Осы екі күнді де мен іссапарда өткіздім. Атырауда, қазір Ригадамын. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ ғарыштық технологиялар вице-президенті қызметінде біздің қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) жерсеріктерінің өнімін пайдалану және қолдану мәселелері жөнінде өңірлерде, шетелде кездесулер өткіземін.

 Қазақстанның негізгі ғарыш компаниясының басты қызметінде қандай нәтижелерге қол жеткіздіңіз? 

Ақиқатында, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (ҚҒС) Қазақстанның ғарыш саласының «қозғаушы күші» деп атауы кездейсоқ емес. Себебі компания қазіргі ғарыштық технологияларды құрады және енгізеді. ҚҒС құрамында екі жерсерік және жерүсті басқару кешенімен ЖҚЗ ғарыш жүйесінің, бүкіл елдегі дифференциалды стансалар желісінен және жерүсті инфрақұрылымынан тұратын жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің (ЖЖНЖ) иесі болып табылады. Бүгін компания Астанада ғарыш аппараттарын құрастыру және сынау жөніндегі қазіргі заманғы зауыд құру жөніндегі бірегей жобаны іске асыруда. Шынында, маған дағдылы қалыпқа түсу үшін біраз уақыт қажет болды. Біріншіден, мен бірнеше ай бойы бүкіл Қазақстанды «шарладым», себебі барлық отандастарым елінің жаңа ғарышкерін көргісі келді. Ғарышқа ұшудан гөрі жүздеген кездесу, мыңдаған тілек, орасан зор ықыласты көтеру қиындау болды. Біріншіден, маған іспен танысу үшін уақыт қажет болды – ғарыштық технологиялар вице-президентінің қызметі жерді қашықтықтан зондтаудың, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигацияның, геоақпараттық технологиялардың, ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің (ҒА ҚСК) жұмыс істейтін орталықтары үшін жауапкершілікті қамтиды. Жалпы айтқанда, орталықтардың жұмысы штатты режіимде өтуде. KazEOSat-1 және KazEOSat-2 ЖҚЗ жерсеріктері берілген аумақтың ғарыштық мониторингін жүргізуде. Іске кірістірілген сәттен бастап 2014 жылғы мамырдан айыру қабілеті жоғары KazEOSat-1 104 миллион 626 мың 668 кв.км түсірді, кеңістіктік айыру қабілеті орта KazEOSat-2 жерсерігі 2015 жылғы ақпаннан бастап, 192миллион 953 мың 376 кв. км түсірді, ғарыштық мониторингтің жалпы ауданы 297 миллион 580 мың 044 кв. км. құрады. Бүгінгі таңда біздің компанияның ғарыштық түсірілімдерінің тап осындай мұрағаты бар. Сөйтіп, ғарыш жүйелерін құру және басқару міндеті орындалуда. Енді ең бастысы – осы ғарыштық технологияларды ел экономикасының дамуына, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиімді пайдалану. Бұнымен шұғылданып жатырмыз: мемлекеттік органдарды, басқа тұтынушыларды оқытамыз, ЖҚЗ әлемдік өнім берушілердің тәжірибесін үйренудеміз.

 Ғарышқа ұшқан күннен бастап өткен жылдағы Сіздің негізгі қорытындыңыз не болып табылады? 

 Біріншіден, бұл ғарышта орындалған ғылыми эксперименттердің нәтижелері. Бұл Қазақстанда мұздықтардың еру жылдамдығы жөніндегі зерттеу, оның нәтижелері климат жағдайы жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Жер үшін жаңа заттарды ашуға мүмкіндік беретін, «кулондық кристалл» деп аталатын затты алу жөніндегі эксперимент. Жоғары атмосфераның нажағай белсенділігін және оның ғарыш аппараттарына, борттық жабдыққа ықтимал әсерін бақылау жөнінде эксперимент жасалды. Сонымен қатар құбыр желілеріне мониторинг жүргізілді. «Дастархан-6» экспериментіне сәйкес Қазақ тағамдар институтының зерттемелері ғарышта тексерілді, жақсы нәтижелер шықты. Айтпақшы, бұл туралы біз телеарналардың бірімен фильм дайындап жатырмыз.

 Айдынның ғарыштық күнделіктерінен 2015 жыл 05 қыркүйек, 20:04 

«Салмақсыздық – бұл толық тыныштық. Ұшқанға дейін ғарышқа ұшқан ғарышкерлерден ғарыштан Жердің түрі – ғажап деп көп еститінмін. Өзім алғашқы рет иллюминатордан Жерді көргенде, бұл мінсіз сұлулық екенін түсіндім.»

 «Қазақстанның ғылыми бағдарламасы шамамен 20 экспериментті қамтиды. Олардың арасында Арал теңізінің бұрынғы түбінің және Каспий мұнай кен орындары аумағының мониторингі. Жоғарыдан Арал теңізі қандай үлкен болғаны жақсы көрінеді. Бірақ, қазір су кетіп қалған, оның орнында тұзды шөл дала және осының бәрі құммен бірге жақын арадағы елді мекендер мен құнарлы жерлерге желмен барады»

«Дастархан-6 экспериментті орындауға кірістім»

 «Арал теңізінің және мұнай кен орындарының суреттерін бірден жасау мүмкін болмай тұр, себебі жердегі қажетті нүктені тапқанымша, станса бұл бұл аймақтан өтіп кетеді. ХҒС жерді 92 минутта толық айналып шығады, мен оятқышты қоямын да күтемін.Сөйтіп төртінші ретте ғана қажетті фотосуреттерді жасай алдым».

 «Жерде ғарышты армандадым, ал ғарышта Жер түсіме кіреді. Жұмысымды жалғастырудамын. Міндеттер өте көп, уақыт аз
».

Өткен жылғы ең басты әсер – бұл Елбасымен кездесулер. Ұшқанға дейін және кейін. Ол кісінің менің ғарышкер ретіндегі тағдырыма ниеттестігі, әкелік қолдау сөздері, тілектері маған үлкен әсерін тигізді және болашаққа сенім берді. Нұрсұлтан Әбішұлының әуежайдағы кездесуде маған айтқан сөздері іс-әрекеттер бағдарламасы: «Қатысқысы келетін көптеген мемлекеттердің арасында біз жалғыз болмасақ та, өз ғарышкерлерін ғарышқа ұшырғандардың біріміз. Роскосмостың қолдауының арқасында біз бір емес үш ғарышкерді ғарышқа ұшырдық. ...Ғарышқа жұмсалған барлық шығыстар қолма-қол өтелмейді. Бірақ бүкіл әлем ғарышты игеруге ұмтылуда. Мәселе бүгінгі пайдада емес. Ғарышқа жұмсалған шығындар ғылыми-техникалық ілгерілеу үшін зор табыс дәмелендіреді. Ғарышта өткізілген сынақтарды, жерде жасау мүмкін емес. Жердегі зерттеулер тәжірибесін жинай отырып, ғалымдар үлкен жаңалықтар ашуда. Сондықтан, мемлекеттің ғарышқа жұмсайтын кез келген ақшасы өтеледі. Бұнда бүкіл әлем жарысқа түсуде», - деп атап өтті Мемлекет Басшысы біздің экипажды Жерге оралумен құттықтай отырып. Бүгін мен қазіргі ғарыштық техногияларды енгізетін ғарыш компаниясында жұмыс істейтініме бақыттымын. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандарының ұжымы жоғары білікті, тату, қызық, жаңа жұмыс көп. Біздің Ұлттық ғарыш орталығының аумағында салынып жатқан, бірінші нысаны – жаңғыртушы акустикалық камера болып табылатын ҒА ҚСК нысанының құрылысы ғана неге тұрады. 

Осы жылы Сіздің отбысыңызда қандай өзгерістер болды, Халық Қаһарманы деген Сіздің жаңа мәртебеңізді үй-ішіңіз қалай қабылдады?

Ерекше өзгерістер жоқ. Бәрі Аллаға шүкір, аман-есен. Балам Әмір Азаматтық авиация академиясына өзі жоспарлағандай ұшқыш мамандығына түсті, оқып жүр. Қыздарым мектепте оқуда. Әйелім балалармен, шаруашылықпен айналысады. Әзірше ҚР Қорғаныс министрлігі бөліп берген ескі қызметтік пәтерде тұрып жатырмыз. Бос уақытымда үйді жайластыруды жақсы көремін, оған да қол жеткіземіз деп сенемін. Халық Қаһарманы мәртебесіне келсек, мен оны көпшілік іс-шаралар уақытында айқын сезіндім. Мыңдаған отандастырымның құрметі, қуанышы – бұл марапат қана емес, бұл өте үлкен жауапкершілік. Мен бұны осылай түсінемін, менің туғандарым мен жақындарым да осылай түсінеді. Егер нақты отбасы туралы айтсақ, әр еркек, отағасы өзінің туғандары үшін қорғаушы, өз руының батыры болуы тиіс. Тек сонда ғана ол өзінің отбасын, өз халқын қорғай алады. 

Сұхбатыңызға рахмет. Қазақстанның ғарыш жолында Сізге табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін! 


3.jpg
4.jpg
5.jpg
22.jpg
IMG_5292.JPG
2.jpg

а3.jpg
а2.jpg
а1.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ