Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

15.09.2016
Қазақстан ұшқышсыз ұшатын аппараттарды жасауды жоспарлап отыр

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Қазақстан ұшқышсыз ұшатын аппараттарды (бұдан әрі - ҰҰА) жинауды және кеңінен пайдалануды жоспарлап отыр, бұл туралы халықаралық ғылыми-техникалық семинарда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыштық технологиялар жөніндегі вице-президент Айдын Айымбетов мәлімдеді.     

Ол «Геоскан» (ресейлік компаниялар тобы) ҰҰА пайдалану практикасы ЖҚЗ ғарыш жүйесінің және жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің ұлттық операторы болып табылатын «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ үшін аса маңызды екенін атап өтті. 

«Болашақта біз ғарыш аппараттарын жинайтын зауытымызда ұшқышсыз ұшатын аппараттарды да жинауды жоспарлап отырмыз», - деді ол. 

Ресейден, Қазақстаннан, Өзбекістаннан және Қырғызстаннан семинарға келген қатысушылар ҰҰА-ны ауыл шаруашылығында, қала салу қызметінде, кадастр мен жерге орналастыруда, маркшейдерияда, жол шаруашылығында, құрылыста,  ЛЭП мониторингінде пайдалану мүмкіндіктері туралы уақытында біліп отырады. 

 Ресейліктер ұшқышсыз ұшатын аппараттар (ҰҰА) үшін ұшу тапсырмасын жасау үдерісі бойынша мастер-класс көрсетеді, алынған аэрофототүсіру деректерін нақты уақыт режимінде кейінгі өңдеуді көрсетеді. 

Қазақстан мамандары ЖҚЗ ғарыш жүйесі мен жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесін қолдану жөніндегі өздерінің тәжірибесі туралы айтып береді. 

Семинардың екінші күні Астана маңындағы «Жоламан» әуежайында өтеді. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» баспасөз қызметі атап өткендей ГИС Спутник, Спутник Агро, Спутник WEB – үш өлшемді деректерді көзбен шолу және талдау үшін бағдарламалық жабдықтаманың мүмкіндіктерін көрсете отырып, «Геоскан» сериясының ұшқышсыз ұшатын аппараттарының көрнекі ұшулары өтеді. 

«Геоскан 501» жаңа ҰҰА түұсаукесері өтеді.

«Геоскан» ЖШҚ бас директорының орынбасары Павел Степанов атап өткендей, бұл семинардың қорытындылары ғарыштық технологияларды қолдану саласында қазақстандық және ресейлік мамандардың одан арғы ынтымақтастығының тағы да бір тәжірибелік қадамы болады. 

null 

null 

null 

null 

null


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ