Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

15.09.2016
Студенттер үшін ұшқышсыз ұшатын аппаратты Сейфуллин атындағы АТУ сатып алуға ниетті

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Ұшқышсыз ұшатын аппараттарды Сейфуллин атындағы АТУ сатып алуға ниетті. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Жерді қашықтықтан зондтау және нысандар мониторингі  үшін ұшқышсыз ұшатын авиациялық жүйелерді пайдалану жөніндегі халықаралық ғылыми-практикалық семинар барысында белгілі болды.

«Шын мәнінде ғарыштық түсіру + ұшқышсыз ұшатын кешендерден түсіру бір-бірін толықтырады. «Қазақстан Ғарыш Сапары»  мен «Геоскан» бірлесіп кешенді шешім ұсынады. Біз университетте студенттерді ғарыштық суреттерді өңдеуді үйретіп жатырмыз. Ұшқышсыз ұшатын аппараттарды (ҰҰА) енгізу ғана қалды. ҰҰА  сатып алу туралы ұсыныс бердік. Бізді қолдайды және біз ҰҰА, соның ішінде ауыл шаруашылығында қолдану машықтарымен біліктілігі аса жоғары студенттерді даярлаймыз», -  дейді Facebook-тегі өзінің парақшасында С. Сейфуллин атындағы агротехникалық университеттің оқытушысы Фараби Ермеков. 

Студенттерді өзінің ЖОО шақыра отырып, Ф. Ермеков С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ негізінде жерге орналастыру және агрономия факультеттерінің мамандықтары үшін бірқатар қазіргі заманғы технологиялар жолға салынғанын хабарлады. 

Біріншіден бұл жерсеріктік навигация жүйелері. Геодезиялық сыныпты қазіргі заманғы GPS қабылдағыштар, деректерді өңдеуге арналған бағдарламалар сатып алынды. 

Екіншіден бұл ғарыштық суреттерді өңдеу. Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) мен технологиялардың тұтас орталығы құрылды.  Erdas Imagine, Scanex, ArcGIS бағдарламалы пайдаланылуда.  Үшіншіден,  тәжірибелік жұмыстар үшін қазіргі заманғы кампус ұйымдастырылды, онда студенттер жазғы оқу практикасын өтеді. Төртіншіден, электронды тахеометрлер, нивелирлер – бұл аспаптармен жұмыс істеу біздің студенттер үшін үйреншікті жұмыс. «Біз осымен тоқтамаймыз. Біздің негізгі міндетіміз – мамандарды даярлау сапасын, біздің түлектер үшін кәсіпорындар өзара таласатындай  деңгейге көтеру», - деп атап өтті оқытушы.

С. Сейфуллин атындағы агротехникалық университеттің студенттеріне ғарыштық мониторингті оқыту бастамасы Фараби Ермековке тиесілі екенін атап өткен жөн. Бұрын жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі орталығының директоры болған, ол ғарыштық технологиялардың мүмкіндіктері мен пайдасы туралы жақсы біледі.



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ