Главная Новости

Новости

16.09.2016
Ресейліктер Астананы ұшқышсыз ұшатын аппараттардың көмегімен суретке түсіруде

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Аэрофототүсіру барысында алынған Астананың 3D-картасы жергілікті билік үшін үлкен жәрдем болады. Жаңа технологиялар астананың сүйкімді түрін жасауға, туристік тартымдылығын бағалауға  ғана көмектесіп қоймайды, қауіпсіздік мәселелеріне де көмектеседі.     

Ұшқышсыз ұшатын аэротүсіру кешендерін өндіретін «Геоскан» компаниялар тобы, қаланың 3D-картасын жасау үшін Астананың бір бөлігін суретке түсіруді жоспарлап отыр. 

«Қазинформ» тілшісіне ресейлік компанияның маркетинг жөніндегі директорының орынбасары Михаил Барабаш Қазақстанның астанасында 4 қазанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің және РФ Президенті Владимира Путиннің қатысуы күтілетін, өңіраралық форумда суреттердің тұсаукесері өтетінін айтып берді.  

Оның айтуынша, Астананың бір бөлігін ғана емес, тұтас қаланы және Қазақстанның басқа да негізгі қалаларын суретке түсіру жоспарлануда. 3D-суреттер тек қаланың әдемі суретін көрсету үшін немесе туризмді дамыту үшін ғана емес, қаланың әкімшілігі үшін де қажет екенін атап өтті. Төтенше жағдайлар кезінде 3D-карта бойынша қаланың билігі келелі мәселе қай жерде туындағанын көре алады және тиісінше анықтай алады. 

 «Сондай-ақ, бұл жобалау және құрылыс кезінде пайдаланылады. Суреттер бойынша белгілі телімді көруге және қандай коммуникациялар өтетітін, жалпы құрылыс жасауға бола ма немесе жоқ па түсінуге болады», - деп нақтылады М.Барабаш. 

Суреттер, егер келіссек әкімдікке белгілі сомаға беріледі. 

«Егер келіспесек, бұл деректер еш уақытта пайдаланылмайды.  Біріншіден, біз күш құрылымдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің келісімін алдық, қазір Қазақстан Президенті күзетінің келісімін күтіп отырмыз. Геодезияға, картографияға лицензияларымыз бар», - деп сендірді Михаил Барабаш.

null 


null



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ