Главная Новости

Новости

16.09.2016
Сарапшылар ҚР ұшқышсыз ұшатын аппараттардың болашақ өндірісі туралы айтып берді

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Болашақта Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппараттарды құрастыруды жолға салу жоспарлануда. Ұшқышсыз ұшатын аэротүсіру кешендерін өндіретін «Геоскан» компаниялар тобымен бірлескен кәсіпорын өндірістің бірі бола алады. 

Бұл нұсқаны «Казакстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы Астанадағы «Геоскан» семинары шеңберінде жаңа ғана қарастыра бастады. Өз кезегінде ресейлік компания ынтымақтастықтың бірнеше жолын ұсынып отыр.
«Экспорт мүмкін, қазір біздің 10 аппаратымыз Қазақстанда қала құрылысы мен ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Нұсқаның бірі: мұнда дайын техника емес, жекелеген элементтер жеткізілетін болады, мүмкін бұл бірлскен кәсіпорын болар. Әрине аумақтың үлкендігін ескере отырып, Қазақстанның әлеуеті өте үлкен – ресейліктің 20%. Сондай-ақ, бірлесіп қызметтер көрсетуді қарастырудамыз (...) Суреттер – бұл сезімтал ақпарат, әрине ол Қазақстанның аумағында қалуы тиіс. Сондықтан біз «Казакстан Ғарыш Сапары» әріптесімізбен бірге Қазақстан туралы ақпарат алу бойынша қызметтер көрсететін нұсқа ықтимал», - деді аппараттардың бірінің көрнекі ұшуы барысында «Геоскан» ЖШҚ бас директорының орынбасары Павел Степанов. 

Аэрофототүсіру суреттерінің арқасында аса дәл, оған қоса үш өлшемді карталарды жасауға болады. Олар қала салу кезінде, картография, кадастрлар, ауыл шаруашылығының көптеген міндеттерін шешу үшін қажет. 

Ұшқышсыз ұшатын аппарат үшін арнайы үлгісі жасалған фотоаппараттан басқа, ұшақтың бортында дәлдігі жоғары геодезиялық қабылдағыш орнатылған. Алынған 3D-өлшем жерге талдау жүргізуге және тиісінше қала салу туралы шешім қабылдауға, топырақтың құнарлығын анықтауға, жоспарлар жасауға немесе карталар сызуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде бұл ұшатын геодезиялық қабылдағыш. 

 «ҚҒС» ҰК» АҚ ғарыштық технологиялар  вице-президенті Айдын Айымбетовтің айтуынша кеше мен бүгін қазақстандық компания ресейлік әріптестердің технологияларын қарап талқылауда. Бүгінгі таңда кейбір мәселелер бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді және өзара түсіністік бар. 

Мұндай ұшқышсыз ұшатын аппараттарды басқару оңай, оны кез келген кәсіпорын пайдалана алады деп сендіреді П.Степанов. Бір ұшақтың құны 1 млн. 400 рубль немесе шамамен 7 млн. теңге құрайды.




степанов 


геоскан



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ