Главная Новости

Новости

26.09.2016
Қазғарыш делегациясы Францияда келіссөз жүргізді

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің (ИДМ АҒК) төрағасы Еркін Шаймағамбетов бастаған Қазғарыш делегациясы Франциядан жұмыс сапарынан оралды. 

Құрамында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Марат Нұрғожин, «Ғалам» Қазақстан-Француз кәсіпорнының бас директоры Баубек Оралмағамбетов, Қазғарыш мамандары бар қазақстандық делегация «Airbus Defence and Space» («Airbus D&S») стратегиялық әріптеспен бірқатар іскерлік кездесулер өткізді. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Марат Нұрғожин біздің агенттікке айтқандай, бірлескен жобаларды іске асырудың алғашқы қорытындылары талқыланды. Бұл ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің нәтижелері, ғарыш суреттері тұтынушыларының халықаралық нарығына шығу. «Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру мәселесіне ерекше назар аударылды, Еуропадан оның технологиялық жабдығын жеткізу қазір жүзеге асырылуда», - деп атап өтті М. Нұрғожин.  

Сондай-ақ, тараптар одан арғы ынтымақтастықтың келешек  жобаларын талқылады.  

Қызметке жақында тағайындалған Қазғарыш басшысы «Airbus Defence and Space» («Airbus D&S») француз компаниясының басшылығымен кездесті, «Ғалам» Қазақстан-Француз кәсіпорнының Қадағалау кеңесінің (ҚК) отырысына қатысты, Тулуза қаласындағы ғарыш қалашығына барып шықты.  

Қазақстан делегациясы «Astrolabe» кәсіпорнында «Airbus D&S» оптикалық аспаптардың таза үй-жайларына; «Airbus Geo Intellegence» еншілес кәсіпорынның Жерді қашықтықтан зондтау деректерін өңдеу және тарату орталығына; термовакуумды жаңғыртушы акустикалық камераларға, «Intespace» кәспорнының діріл стендіне барып шықты. «Cite de l’Espace» ғарыш паркінде Қазғарыш өкілдері Француз Республикасы ғарыш саласының дамуына арналған тақырыптық экспозициялармен танысты. 

«Француз әріптестерімізбен бірлесіп құрып жатқан ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені оның басты нысаны болатын, Қазақстанда Ұлттық ғарыш орталығын салу себепбі Тулузада ғарыш қалашығын құру және жұмыс істеу тәжірибесі біз үшін аса маңызды», - деп атап өтті Қазғарыш басшысы Е. Шаймағамбетов. 

Бірлескен Қазақстан-Француз жобаларын іске асыруға жауапты, «Airbus Defence and Space»  компаниясының аға вице-президенті Хьюго Лаппорт  Вейвада «Airbus D&S» ғарыштық бөлімше басшысы Николя Шамуссидің  атынан Е.Шаймағамбетовті Қазғарыш басшысының қызметіне тағайындаумен құттықтады.

0e082df0-91c6-4f34-a993-6f1bbbf0d940.jpg

8f7b9ed5-e570-45a8-b8d5-d2d820342ea9.jpg

79f96231-2f3a-42e1-80ac-47b9c0c4049f.jpg

573d8da1-e12a-4da7-b435-5e3af9b6f872.jpg

552648b6-049c-48cd-8458-d38cd1957ffc.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ