Главная Новости

Новости

28.09.2016
Парижде «Евроконсалт-2016» саммитінде ЖҚЗ қазақстандық жерсеріктік жүйенің тәжірибесі ұсынылды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Қазғарыш өкілдері Парижде Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) саммитінің жұмысына қатысты.  

Форумда  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Марат Нұрғожин баяндамамен сөз сөйледі. «Қазақстанның ғарыш жолы: ЖҚЗ бағдарламасы» деген баяндамасында ЖҚЗ ғарыш жүйесін құру және пайдалану тәжірибесі ұсынылды, әлемдік қаржылық дағдарыстан туындаған келелі мәселелер және ғарыш технологияларын Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері сөз болды. 

2015 жылы өткен Жерді қашықтықтан зондтау мәселелері жөніндегі 6-саммитте «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ  «ЖҚЗ жерсеріктік операторлар арасында жыл дебютанты» номинациясында жеңімпаз болып танылғанын еске түсірейік http://www.inform.kz/ru/kazakstan-garysh-sapary-poluchilo-nagradu-parizhskogo-sammita-foto_a2697348  

Бүкіл дүниежүзінен жүзден астам ғарыштық технологиялар мамандарын жинаған жыл сайынғы париждік форум бір апта өтті, оның екі күні тікелей Жерді қашықтықтан зондтау мәселелеріне арналды. 

«Сөз сөйлеулер дискуссия форматында өтті, саммитқа қатысушылардың алдында сахнада адамдар бірнешеулеп сөз сөйледі. Менімен бірге өз тұсаукесерлерін Әзербайжан мен Венесуэла ғарыш ведомстволарының өкілдері көрсетті», - деді М.Нұрғожин. «Біздің қазақстандық ЖҚЗ ғарыш жүйесінің деңгейі мен мүмкіндіктері көбін таңқалдырғанын жасырмаймын», деп атап өтті ол.  

Келешек туралы  сөз қозғаған кезде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті радарлы жерсерік құру және Қазақстанның OptiSar тобына қатысу арқылы ЖҚЗ одан әрі дамыту жоспарларымен бөлісті. 

«Евроконсалт» компаниясының бас директоры  Пако Ревилон бүгінгі таңда Қазақстан ЖҚЗ әлемдік нарығының толық мүшесі болып табылатынын атап өтті. «Бұны осындай қысқа уақытта ЖҚЗ саласындағы үлкен жетістіктер дәлелдейді, бұны доктор Марат Нұрғожиннің самиттің панелді спикері ролінде ағылшын тілінде тамаша сөйлеген сөзі дәлелдейді», - деді ол. 

20160916_113153 (2) (2).jpg



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ