Главная Новости

Новости

30.09.2016
2016 жылы 21-22 қарашада Астана қ. Тәуелсіздік Сарайында "Қазақстандағы Ғарыш күндері" (Қазіргі заманғы ғарыштық технологиялар: тәжірибе мен келешек)

Семинар туралы 

«Қазақстандағы Ғарыш күндері - 2016: Қазіргі заманғы ғарыштық технологияларды пайдалану тиімділігі» тақырыбындағы семинар ғарыш саласындағы жаңа өнімдер мен қызметтердің пайдаланушыларын сияқты, сондай-ақ өндірушілерін біріктіретін ірі іс-шара болып табылады. Осы жылы семинардың негізгі тұжырымдамасы ғарыш қызметі нәтижелерінің әлеуметтік-экономикалық, жанама пайдасын анықтау болып табылады. Семинар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнінің 25 жылдығына орайлыстырылды және Астана қ. Тәуелсіздік Сарайында а.ж. 21-22 қарашада өтеді. 

Семинар жыл сайын 40-тан астам баяндамашының және 400-ден астам қатысушының басын қосады, олардың арасында мынадай: Airbus Defence and Space (Франция), «KazAeroSpace» ЖШС (Қазақстан), Surrey Satellite Technology Limited (Ұлыбритания), IABG (Германия), «МКК «Космотрас» ЖАҚ (Ресей), Hexagon Geospatial (АҚШ), «Цеснабанк» АҚ еншілес ұйымы «Цесна Гарант» сақтандыру компаниясы» АҚ (Қазақстан), Egyptian Company for Space Applications and Remote Sensing (Египет), «АА «Магеллан» ЖШҚ (Украина), «Совзонд» ЖШҚ (Ресей), Leica Geosystems AG (Швейцария), «НТЛаб» компаниялар тобы (Белоруссия), Сканэкс және басқа көптеген компаниялар бар. 

Барлық болып өткен семинарлардың тәжірибесі мен ауқымы мемлекеттік сектор ұйымдары сияқты, сондай-ақ жеке компаниялардың ғарыштық технологияларды экономиканың түрлі салаларында қолдануға жоғары сұранысын көрсетті. Осы семинардың арқасында ЖҚЗ және ЖЖНЖ шеңберінде жақын және алыс шетелдегі әріптестермен одан арғы жемісті ынтымақтастық жолға салынды. 

Ғарыштық технологияларды қолдану тұсаукесерлері үшін негізгі тақырыптар, сондай-ақ баяндамалар тақырыптары мынадай бағыттарға: 

  - Азаматтық құрылыс
  - Ауыл шаруашылығы
  - Мұнай және газ
  - Төтенше жағдайлар
  - Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік
  - Экологиялық мониторинг
  - Геодезия мен картографияға қатысты болады

http://gharysh.kz/spacedays


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ