Главная Новости

Новости

09.09.2016
Қазғарыш ғарышкер Арцебарскийді мерейтойымен құттықтады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Бүгін Кеңес Одағының Батыры, КСРО ұшқыш-ғарышкері  Анатолий Арцебарский өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтуде.  

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Мәскеудегі өкілдігін он жылдан астам басқарған Анатолий Павлович Арцебарскийге ҚР Президентінің кеңесшісі, Ресей мен Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері Талғат Мұсабаев өз құттықтауларын жолдады.  

«Сізді ресейлік авиация мен ғарышнаманың тәжірибелі және кәсібилігі жоғары өкілдерінің бірі деп санайды. Сіздің есебіңізде ең жаңа ұшақтар үлгілерінің сынаулары және  ғарышқа ұзақ ұшу уақытындағы нәтижелі жұмыс. Сіздің еңбек сүйгіштігіңіз, адалдағыңыз бен көрtгенділігіңіз ерекше құрметке лайық. Сізбен достық қарым-қатынасымды өте бағалаймын және құрметтеймін», - деп жазды Т. Мұсабаев.  

Бүгіннен бастап  Арцебарский зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Мәскеудегі Қазғарыш өкілі қызметінен кетті.  

«Барлық кеңес және ресейлік ғарышкерлердің тағдыры Қазақстанмен, қазақ жерінің батасымен байланысты. Мен оған өте ризамын, өйткені біз ғарышқа Байқоңырдан ұшамыз және қонақжай қазақ жеріне ораламыз», - дейді А. Арцебарский.   

Айтпақшы, А. Арцебарский біздің бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Жерге оралған «Союз ТМ-12» ғарыш кемесінің командирі болды. 

Ашық ғарышқа алты рет шыққан, аты аңызға айналған ғарышкер өзінің мерейтойын тату және үлкен отбасы, сенімді достары мен қызметтестерінің арасында қарсы алуда. Анатолий Павловичтің бес баласы бар. Үлкен ұлы Тарас Арцебарский әкесінің жолын қуды. Кіші балалары әлі оқушы.

Бірлескен жұмысқа алғыс айта отырып, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Марат Нұрғожин А. Арцебарский ресейлік және қазақстандық ғарыш саласы кәсіпорындарының өзара тиімді ынтымақтастығының  дәнекерлеушісі болғанын атап өтті. 

ARTSEBARSKII_Anatolii_Pavlovich8.jpg

ARTSEBARSKII_Anatolii_Pavlovich12.jpg

IMG_1514.JPG

artsebarsky_big.jpg

p_3fbd86b4.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ