Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

30.09.2016
Қазғарыш мамандары Гвадалахарадада (Мексика) өтіп жатқан Халықаралық астронавтикалық конгреске (ХАК-2016) қатысуда, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Қазғарыш мамандары Гвадалахарадада (Мексика) өтіп жатқан Халықаралық астронавтикалық конгреске (ХАК-2016) қатысуда, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.  

Осы әлемдік форумға қатысудан алған әсерімен  «Ғалам» бірлескен Қазақстан-Француз кәсіпорнының инженері  Арман Бекембаев өзінің Facebook  парақшасында бөлісті. 

28.09. 16. «Кеше конгреске қатысу үшін ғарышпен ешбір байланысы жоқ көптеген адамдар үшін негізгі ой өзегі болған оқиға өтті. Мысалы, мен Илон Масканы #Elon көру үшін ғана тәулік бойы ұшқан, конгреске қатысуын төлеген Англиядан және Жаңа Зеландиядан келген екі жігітпен таныстым. 

Осы екі жігіттің жақсы қасиетінің белгісі, мен оларды таңның атысынан күннің батысына дейін конгресте көремін – олар барлық техникалық сессияларға барып жүр. Біздің елімізде де осындай жастардың болғаны, тамаша болар еді. 

Илонның алдында көпшілікті қыздыру үшін CEO The One Web, Blue Origin, Virgin Galactic өнер көрсетті.  

OneWeb - 2019 жылға қарай бүкіл әлем бойынша пайдаланушылардың Ғаламтор желісіне кең жолақты қол жетімдігін қамтамасыз ете алатын мыңдаған жерсеріктерден жоспарланған топ.  

Blue Origin – жер маңындағы миссиялар үшін және жоспарларда терең ғарышқа зымыран-тасығышты табысты әзірлейді. Тап осыны, бірақ туризмге сүйене отырып Virgin Galactic те істейді (7 күн жаттығу, 200000$ және 1h:30m ұшу), әйтсе де CEO бұдан басқа олар ұшу уақытында  жаңа модульдерді сынақтау бойынша NASA-мен қызмет істейтінін сендірді.  

Масктің тұсаукесеріне дейін бір сағат бұрын залдың кіріберісінде тізілген кезекті көрсеңіздер ғой:) Көрсеткен өнерін сипаттамаймын, төменде оны көруге болатын сілтеме беремін, уақыт тауып міндетті түрде көріңіздер, бұл көруге тұрарлық.  

Қысқаша айтсам, біз Марсқа ұшып барамыз және жақын 20-30 жыл ішінде тәуелсіз, өзін өзі қамтитын мекен құрамыз. Бұл үшін барлық технологиялар бар. Бір адамға шығысты 500 мың $ дейін қысқарту қалды:) 

Илонға сұрақ беру үшін мен кезекке тұрдым. Бірақ ол өте үлкен болды. Шынында, мен Илонға әлемді жақсарту үшін, жас ұрпақтарға беретін шабыты үшін, оның ынтасы мен күресі үшін ризашылығымды білдіргім келген еді.  

Өнер көрсеткеннен кейін мен әртүрлі елдерден келген жас мамандармен әңгімелестім, Масктің speach талқыладық: Амстердам #VU университетінің PhD студенті, Илон арманын ақша үшін сатады деген пікірін айтты; ESA коммуникациялар департаментінің өкілі өнер көрсету жасанды болды деп есептейді және CEO мен co-founder #NewSpace Global (айтпақшы ол форумға шақырылған спикерлердің бірі) Илонның өзінің Марсқа ұшу үшін pitch болды деп есептейді. 

Менің ойымша  Илон бар жүрегімен өзінің істегеніне сенеді және басқаларды да өз арманына сендіруге тырысады, себебі қаншалықты көп адам сенсе, арманның орындалатынына соншалықты мүмкіншілік көп. 

Илонның сөз сөйлеуін мына жерден:

https://m.youtube.com/watch?v=A1YxNYiyALg көруге болады. 

Қазір мен немен айналысып отырғанымды білесіздер меМен Сіздермен  күндердің күнінде жақын болашақта қазақстандық өкіл де осылай жетекші ғарыш агенттіктердің қалған әкімшілерінің қоршауында орындықта отырады және бүкіл адамзаттың болашағы жөніндегі аса маңызды сұрақтарға дұрыс жауап беріп отырады деген арманыммен бөлісіп отырмын. 

Сендіңіздер ме?

Мен + сендім. 

Техникалық сессиялардан ерекше есте қалғаны Мексика Ғарыш Агенттігі өкілінің сөйлеген сөзі, ол Мексика алғашқы рет қалалардағы ауаның ластану мониторингі үшін микро-жерсерік жасағанын айтып берді. Бразилиялық студент Бразилия қазірдің өзінде ғарышқа ондаған коммерциялық және ғылыми миссялар ұшырғанын әңгімелеп берді. 

Чехиядан келген докторант Айдың сыртқы бетінде планетарлы қорғаныс ұйымдастыруды ұсынды және сол COP21-де кооперация қандай қағидаттармен құрылатынын айтып берді. Шынында бұл өте дұрыс ой, соның ішінде жерде бейбітшілікті қолдау үшін – барлығына тиесілі және ғарышқа сияқты, сондай-ақ Жерге де қарап тұрған үлкен жұдырық. 

Бүгін мен баяндамамен сөз сөйлеймін: бізде екі тұсаукесер – бірі ЖҚЗ жерсерігі туралы, біз оны 2017 жылы ұшырамыз және екіншісі жобалауды оңтайландыру әдісі туралы, оны біз өзіміз әзірледік. Екінші тұсаукесер shortlist конгерстің ең жақсы интер белсенді тұсаукесері».  

29.09.16. «Екі тұсаукесер де көпшіліктің қошеметімен өтті. «Шағын ғарыш аппараттары» сессиясына барлық қатысушыларды біздің KazSTSat Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігіміз, қолданған жобалау, құрастыру және сынақтау үдерістері өте қызықтырды. Сонымен қатар қазақстандық инженерлер толық жобалаған, құрастырған және  сынақтан өткізген технологиялық пайдалы жүктемелер: көп функциялы борттық компьютер, эксперименталды оптикалық камера, күн бергіш үлкен әсер етті. 

Оның үстіне: екінші жұмысымызбен (біздің компанияның атымен «Ғалам» деп қарапайым атаған шағын аппараттардың жүйелі инжинирингін оңтайландыру әдісі), біз конгрестің ең жақсы тұсаукесері конкурсын жеңіп алдық!  

Үш жүз интерактивті тұсаукесерден бес секцияның әр қайсысынан бір жеңімпаз таңдады. Енді Қазақстан Халықаралық Ғарыштық Конгрестер тарихында нық орын алып отыр #IAC :) 

Бірден түсіндіргім келеді: ғылым мен инженерияда жүлдені ең әдемі тұсаукесер үшін емес, аса жоғары ғылыми, инженерлік әрі ағымдағы және болашақ қолданбалы құндылығы бар тұсаукесер үшін береді. 

Достарым жеңіспен құттықтады: мен үшін Бейбітшілік пен Бақыттың қытай символын сыйлаған және табыс тілеген Қытайдан келген докторант Feng Fei-дің сыйлығы әсіресе өте қымбат, сондай-ақ   #SSTL директоры Алекс да Силваның құрмет білгісі ретіндегі сыйлығы  Surrey Satellites өзіндік қаламы, мен үшін ол паркерден де қымбат. 

Енді мен Surrey Satellites твит-тарихында бармын:)», - деп бөлісті қуанышымен Арман. https://twitter.com/SurreySat/status/781213590233776128  

Қазғарыштың, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және 

«Ғалам» ЖШС басшылығы қазақстандық инженерлерді үлкен жеңісімен құттықтады. 
  
Халықаралық астронавтикалық конгресс (ХАК) – әлемдегі аса ірі ғарыш қызметі қатысушыларының (ілесіп жүретін адамдар мен баспасөзді қоспағанда 3-тен 6 мыңға дейін делегат) кәсіби форумы – 1951 жылдан бастап ХАҚ, Халықаралық астронавтика академиясы (ХАА), БҰҰ ғарыш кеңістігі мәселелері басқармасының және Халықаралық ғарыштық құқық институтының (ХҒҚИ) қатысуымен жыл сайын өткізіледі. 

2016 жылдан бастап ол 26-30 қыркүйек аралығында Гвадалахарада (Мексика) өтеді. ХАК бірегей сипатын ескере отырып, оның алаңы ғарыш агенттіктері мен зымыран-ғарыш өнеркәсіп ұйымдарының арасында екі жақты келіссөз ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, ХАК-та әр 3 жыл сайын конгресс өткізетін қаланы таңдау жүргізіледі. 2018 жылы конгресті кім қабылдайтыны осы жылы анықталады: Бремен (Германия), Вена (Австрия) және Пунта-дель-Эсте (Уругвай) кандидат болып табылады.  2017 жылы ХАК Аделаидеда (Австралия) өтеді.

14432931_10210453415400666_569769510902039434_n.jpg

14441130_1287257758011316_8390233253656283673_n.jpg

14446103_10210462934958649_8813407953278161501_n.jpg

14463109_1287257741344651_9042452963483112048_n.jpg

14463118_1287257728011319_1433729214964602224_n.jpg

14484645_10210453417520719_5797914703827906529_n.jpg

14517526_10210453415480668_6663902689124563406_n.jpg

14523054_10210462933758619_352767960824806681_n.jpg




Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ