Главная Новости

Новости

30.09.2016
Ғарыштық технологияларды енгізу – мемлекеттік деңгейдегі міндет

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Бүгін Ұлттық ғарыш орталығына (ҰҒО) ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің депутаттары келіп шықты. Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау, ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Еркін Шаймағамбетов, Қазғарыш кәсіпорындарының басшылары қатысқан Комитеттің көшпелі отырысының мақсаты – елдің ғарыш қызметімен танысу, Қазақстанның ғарыш саласының даму келешегін зерттеу. 

Біз ҰҒО-ға осы маңызды сапар туралы, сондай-ақ Қазақстанның жетекші ғарыш компаниясының міндеттері мен келелі мәселелері туралы «ҚҒС» ҰК» АҚ президенті Марат Нұрғожинді айтып беруді сұрадық. 

Марат Рахмалиұлы, компания ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін, ҚР жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесін пайдаланып отырғанын, ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысын жалғастырып жатқанын білеміз. Әлеуметтік-экономикалық нәтижелерді ескере отырып, жобалардың ағымдағы жағдайы қандай? 

- Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі (ЖҚЗ ҒЖ) 2015 жылы Airbus Defense and Space француз компаниясымен бірлесіп құрылды. Барлық техникалық көрсеткіштер бойынша ол шетелдік аналогтармен бәсекеге қабілетті. 

2015 жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарға 3.2 млн.кв.км көлемінде айыру қабілеті жоғары және 5,8 млн.кв.км айыру қабілеті орта ЖҚЗ деректері берілді, бұл коммерциялық сатып алу кезінде бюджетке шамамен 8 млрд.теңге тұрар еді.  

2016 жылдың 1 жартыжылдығында бюджеттік бағдарлама шеңберінде көлемі 4,6 млн. кв.км. астам ЖҚЗ деректері өтеусіз берілді. Бұл ел экономикасынан 3,7 млрд. теңге үнемдеді. ЖҚЗ өнімдерін пайдалану және қолдану бойынша 13 мемлекеттік органнан 64 маман оқыды. 

Атап айтқанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, ҚР БҒМ, ҚР АШМ, ҚР ІІМ, ҚР ЭМ, Астана қ.ҰҚКД, ҚР ҰЭМ, ҚР ИДМ үшін кеңістіктік деректер құру қызметтері көрсетілді. 

Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі (ЖЖНЖ) 2014 жылы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Ол соңғы тұтынушыларға геодезия, картография, жер пайдалану, ауыл шаруашылығы, ірі құрылыс, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік міндеттерін шешу үшін координаттар мен уақытты жоғарыдәлдікті анықтау қызметтерін соңғы тұтынушыларға беруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ навигациялық аппаратураны құрады және метрологиялық қамтамасыз етеді. 

ЖЖНЖ шеңберінде құрылған жауапты құрылыстар деформациясы мониторингі жүйесі мемлекеттің стратегиялық және басқа маңызды нысандары үшін аса маңызды жүйелердің бірі болып табылады. Мұндай жүйелер деформация салдарының алдын алу және жою мақсатында өнеркәсіп құрылыстардың (көпірлер, ГЭС, ГРЭС және т.б.) негізгі құрылмалары деформациясының мониторингі үшін қолданылады. 

ЖЖНЖ Ұлттық операторы ретінде біздің компания Астана қаласы Алаш тас жолы көпірінің мониторингі бойынша ілкі жобаны іске асырды, ҚР АШМ, «Қазақтелеком» АҚ үшін жылжымалы нысандар мониторингі мен диспетчерлеу қызметтері көрсетілді, басқа тұтынушыларға түзетуші ақпарат, өлшеу құралдарын тексеру қызметтері, топографиялық-геодезиялық қызметтер, найзағайды пеленгтеу жабдығын орналастыруды қамтамасыз ету қызметтері көрсетілді. 

Ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешеніне (ҒА ҚСК) келсек, оның құрылысы мемлекетаралық келісімдер мен келісімшарттар негізінде стратегиялық әріптес -  Airbus Defence and Space  француз компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады. Бұл жоба 2015-2019 жылдарға арналған ҚР индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. ҒА ҚСК пайдалануға енгізудің жоспарланған мерзімі – 2018 жыл. 

ҚСК ғимаратының құрылыс дайындығы бүгінгі таңда 35% құрайды, осы жобаның шеңберінде салынатын тәжірибелі өндірісімен ғарыш техникасының арнайы конструкторлық технологиялық бюросының (ҒТ АКТБ) ғимараты 85% дайын.  

ҒА ҚСК мен ҒТ АКТБ пайдалануын құрылған  «Ғалам» Қазақстан-Француз кәсіпорыны жүргізетін болады. БК мамандары стратегиялық әрпітестің кәсіпорындарында тағылымдамадан өтті, қазір біздің 34 инженеріміз ҚСК пайдалану және ғарыш аппараттарының толымдауыштарын өндіруге дайын. 

Airbus DS мамандарының қолдауымен қазір ғарыш аппараттары толымдауыштарының өндірісі басталды. Қазір ҰҒО аумағында өндірістік учаскелер: кәбіл өндірісі, 3Д-принтинг учаскесі, ЭВТИ өндірісі, электронды құрамдауыштар өндірісі орналастырылған. Біздің стратегиялық әріптесімізбен ҚСК пайдалануға енгізілгеннен кейін Airbus Defence and Space  60 млн. евро сомаға кепілді тапсырыс орналастыруына уағдаластық бар.   

Қазір компанияның қандай келелі мәселелері бар, оларды шешу жолдары қандай? 

Әрине, ғаламдық қаржы дағдарыстың келелі мәселелері бізге де тиді. ҚСК жобасын уақытында аяқтау үшін жалпы құн шеңберінде қосымша қаржыландыру қажет. Қолданыстағы қаржы-экономикалық негіздемегі (ҚЭН) сәйкес  ҚСК жобасының құны –  63,1 млрд.теңге. Республикалық бюджеттен 44,3 млрд.теңге бөлінді және бөлінуге көзделді. Қазір ҚСК жобасын 2016 жылы – 2,5 млрд. теңгеге, 2017 жылы - 16,1 млрд. теңгеге қаржыландыруды қайта қарау және ұлғайту мәселесі қарастырылуда. 

Тағы бір келелі мәселе – бұл 2016 жылы және кейінгі 2017-2019 жылдары ЖҚЗ деректерін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға өтеусіз негізде беру жөніндегі бағдарламаның жеткіліксіз қаржыландырылуы. Бұл бағдарлама қазақстандық пайдаланушылардың (мемлекеттік органдар) ғарыш суреттерін және олардың негізіндегі технологияларды картография, ТЖ, ауылшаруашылығы, экология, қала салу, қорғаныс және қауіпсіздік және т.б. міндеттерде қолдануға дайын болмауына байланысты әзірленді. 

Ел экономикасы мен қауіпсіздігі мүддесінде жасалған ғарыштық жүйелердің сақталуын және әлеуетін пайдалануын қамтамасыз ету үшін 2016 жылы ЖҚЗ деректерін мемлекеттік органдарға өтеусіз беру жөніндегі бюджеттік бағдарламаны 114 млн. теңге сомаға және жыл сайын 2017 әрі 2018 жылдары 1,186 млрд. теңге сомаға ұлғайту қажет деп есептейміз. 

Қаржы қаражат жоқтығынан, білікті мамандардың жоқ болуынан мемлекеттік органдар ЖЖНЖ мен ЖҚЗ ҒЖ қызметтері мен өнімін пайдаланбайды.  

 Бұл ақпаратқа мәжілісмендер қалай қарады, елдің заң шығарушыларынан қандай көмек күтесіздер?  

- біздің қонақтарымыз атап өткендей, Ұлттық ғарыш орталығына бару оларға  әсер етті. Олар - «KazEOSat-1» (кеңістіктік айыру қабілеті жоғары 1 м) және «KazEOSat-2»( кеңістіктік айыру қабілеті орта - 6,5м.) екі ЖҚЗ жерсерігінен тұратын Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппаратының орбиталық тобы қалай жұмыс істейтінін көрді. Жерсеріктер ауылшаруашылығы, төтенше жағдайлар, экология мен табиғат пайдалану, геодезия,  картография,  қорғаныс және республика қауіпсіздігі міндеттерін шешу үшін ЖҚЗ деректеріне тәуелсіз және шұғыл кіруге рұқсат алуда ел қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған. 

Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский  өзінің сөйлеген сөзінде Комитет Қазақстан Республикасының және әлемдік нарықтағы оның экономика салаларының бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін отандық ғарыштық инфрақұрылымды құру және пайдалану маңыздылығын ескеретінін атап өтті. 

 Бұл тақырыпты дамыту үшін заңмен реттеуді талап ететін мәселелер бөлігін шешуді ұсынған депутаттар сөз сөйледі. Сонымен, біз олар қолдайды деп сенеміз.
 
Компания қандай келешекті жобалармен айналысуда, бюджеттің кіріс бөлігіне қалай шығуды жоспарлап отырсыздар? 
 

- Біріншіден, әрине, біз ЖҚЗ өз жерсеріктер тобын толықтыруды ойлаймыз.  2022 жылға қарай қазіргі екі қазақстандық ЖҚЗ жерсерігін, олардың белсенді тіршілік ету мерзімінің аяқталуына байланысты жаңарту қажет.  Осыған орай, 2020 жылға қарай UrtheCast канадалық компания құратын   OptiSARTM халықаралық жерсеріктік топқа кіру мәселесі пысықталуда.  OptiSARTM (KazOptiSAR жобасы) тобына кіру қолданыстағы «KazEOSat-1» ҒА орнын басуға және оны радарлық ҒА толықтыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ ҒТ АКТБ мен ҒА ҚСК өндірістік учаскелерін жүктеуге, технологиялар трансфертін және 28,5 млн. $ дейінгі сомаға тапсырыс алуға мүмкіндік береді. 

Радиолокациялық ЖҚЗ ҒА жоғары бұлттылық және аумақта жарық болмаған кезде де Жерді суретке түсіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ құрғақ қарға, мұзға, құрғақ жерге бірнеше метрге дейін тереңдікке кіру есебінен үстіңгі қабат деформациясына мониторинг жүргізуге болады. 

 Топ бірегей және патенттелген деректерді өңдеу жүйесін, деректерді сақтау және тарату бұлттық жүйесін және web-тұғыры негізінде көзбен шолу жүйесін алады, бұл тұтынушылар тобына ғарыштық технологияларға кіруге рұқсат алуға мүмкіндік береді. KazOptiSAR жобасын іске асыру озат технологияларды енгізуден әлемдік кірісті түрлендіру жүйесіне кіруге және Қазақстанда ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру үдерісін автоматтандыруға әрі Қазақстанның экспорттық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді. 

Жобаға қатысу туралы шешім қабылдау мерзімі 2016 жылдың соңына дейін шектелген.  

Келесі келешекті бағыт.  «Сандық Қазақстан» бағдарламасы жобасының шеңберінде Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын (ҰКДИ) құру жоспарлануда. Республикада қазірдің өзінде кеңістіктік деректердің үлкен көлемі бар, бірақ олардың өзектілігі, үйлесімдігі мен бірлесіп пайдалануы қажеттілікке сәйкес келе бермейді, бұл жиналған деректердің құндылығын айтарлықтай төмендетеді, олардың қайталануына, шашыраңқылығына және бір-бірінен едәуір шоғырлануына әкеледі. 

 2013 жылдан бастап 2015 жыл бойы ҚР аумағының 18% аэрофототүсіру жүргізілді және оның қорытындылары бойынша  8,1% топографиялық карта жаңартылды. ҚР аумағын аэрофототүсірумен толық жабу үшін шамамен 12 жыл қажет.  

ҚР ЖҚЗ ҒЖ ғарыштық түсіру ҚР аумағын жылына кемінде бір-ақ рет жедел жабуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  

ҰКДИ жобасы барлық кеңістіктік деректерді бірыңғай келісілген инфрақұрылымға, мемлекет саясатын іске асырудың түрлі аспектілері жөніндегі білім базасына біріктіретін және шоғырлайтын алаң болуы тиіс. ҰКДИ түрлі деңгейдегі геоақпараттық жүйелердің құрылған кеңістікті деректеріне шұғыл кіруге рұқсатты қамтамасыз етеді. 

Инновацияларды дамыту үшін Ұлттық ғарыш орталығының өндірістік және ғылыми-технологиялық базасын қолдану саласын ҚР ЖҚЗ ҒЖ қызметтерін ЕАЭБ нарығына беру арқылы кеңейту, ЕАЭБ жетекші кәсіпорындары әзірлеген навигация аппаратурасының өндірісін ҚР орналастыру, ірі тау-кен  және машина жасау секторы компанияларының жабдықты жинауға, сынауға арналған тапсырыстарының негізінде ҚСК-де «ғарыштық емес» бейіндегі жабдықты жобалауға, жинауға және сынауға қатысу жоспарлануда.
 
Бүгін «ҚҒС» ҰК» АҚ үшін өте жақсы жаңалық келіп түсті. «Ғалам» БК мамандары жобалаған және әзірлеген жерсеріктің жобасы Мексикада өткен халықаралық астронавтика конгресінде ең жақсы деп аталды. Біздің қызметкерлерімізді осындай мәнді жеңіспен құттықтаймыз!  

- Бұл Қазақстандағы ғарыш техникасының инженер-конструкторлары мен сынақшыларының алғашқы кәсіби командасы жұмысының нақты нәтижесі. Біз осы жетістікті және Қазақстан инженерлерінің зерттемелері әлемдік деңгейде танылғанын мақтан тұтамыз!  KazSTSat жерсерігін 2017 жылы іске қосуды, 2018 жылы ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл жүзеге асатын жоспарлар. Қазір қауырт жұмыс жүруде және біз тек жақсы нәтижеге бағытталғанбыз.  

Сұхбатыңызға рахмет!

IMG_5911.jpg

IMG_5917.JPG

IMG_5926.JPG

IMG_5937.JPG

IMG_5964.JPG



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ