Главная Новости

Новости

26.10.2016
Қазақстандық мамандар ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін жасап жатыр

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Қазақстан үшінші ғарыш жүйесін жасап жатыр, деп хабарлайды «Қазақпарат» агенттігі.

Біздің елімізде екі жерсеріктік топ құрылғаны және табысты жұмыс істейтіні белгілі. Бұл «Казсат» байланыс және хабар тарату ғарыш жүйесі, ол екі «Казсат-2», «Казсат-3» жерсерігінен  және екі жерүсті басқару кешенінен (ЖБК) тұратын ғарыш жүйесі, сондай-ақ  KazEOSat-1 кеңістіктік айыру қабілеті жоғары ғарыш аппараты, KazEOSat-2 кеңістіктік айыру қабілеті орта ғарыш аппараты құрамындағы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі және Астана қаласындағы ЖБК.  

«Fалам» Қазақстан-Француз бірлескен кәсіпорнының мамандары Қазғарыштың тапсырысы бойынша екі жыл бойы қазақстандық ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін (ҒТМ ҒЖ) жасап еңбектенуде.  

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Астана қ. ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін (ҒА ҚСК) құру және пайдалану жобасын іске асыру үшін Airbus Defence & Space  бірлесіп «Ғалам» ЖШС құрғанын еске түсірейік.  

ҒТМ ҒЖ жобасымен жұмыс «Surrey Satellite Technologies Limited» («SSTL», Ұлыбритания) жетекші еуропалық ғарыш компаниясымен бірлесіп жүргізілуде, ол ең кіші габаритті және тиімділігі мен баға критерийлері бойынша ең жақсы ғарыш аппараттарын (ҒА) жасайтын әлемдік көшбасшы болып табылады. 

Келісімшарттың талаптарына сай, ағылшын әріптестерімен ҒТМ ҒЖ жобалау, жиынтықтауыштарын жасау, құрастыру және сынау жөніндегі бірлескен жұмыстар Қазақстандағы ең жаңа ғарыштық технологиялар трансфертіне барлық шектеулерді алып тастайды. 

Бірлескен жобалау-конструкторлық жұмыстар шеңберінде «SSTL» компаниясы тарапынан үлкен қызығушылық туғызған қазақстандық ғалымдар мен инженерлердің келешекті зерттемелерінің нәтижелері пайдаланылуда, деп хабарлайды Қазғарыштың баспасөз қызметі. 

«Бұл қызығушылық «SSTL» компаниясы «Ғалам» ЖШС-мен бірлескен команда құруға ғана емес, технологиялық мақсаттағы ғарыш аппаратына өз есебінен пайдалы жүктеме жеткізу міндеттемесін өзіне алып, ҒТМ ҒЖ құру жобасына үлестік қатысуға барғанымен дәлелденеді», - деп атап өтті  «Ғалам» ЖШС бас директорі Баубек Оралмағамбетов.  

«ЖҚЗ ҒЖ мен ҒА ҚСК құру жобалары шеңберінде «EADS Astrium» (Франция және Ұлыбритания) стратегиялық әріптес аумағында тағылымдамадан табысты өткен қазақстандық жобалаушы-мамандар мен сынаушылар жасаған алғашқы ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш аппараты болады» -дейді АО «НК «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Марат Нұрғожин. 

Қазақстандық мамандардың пікірі бойынша ҒТМ ҒЖ құру, болашақта Қазақстан өндіретін жерсеріктерді шығару кезінде міндетті кезең болатын ғарыш аппараттарының құрамдас бөліктері үшін ұшу тарихын алуға мүмкіндік береді.

Space_Space_system_025191_.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ