Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

04.10.2016
Әлемнің 90 елі Дүниежүзілік ғарыш аптасын өткізуде

БАЙҚОҢЫР. ҚАЗАҚПАРАТ -  Жыл сайын қазанның 4-нен 10-на дейін әлемнің 90-нан астам елі бірігеді және ғарыш кеңістігін зерттеуде адамзаттың жетістіктері туралы әңгімелейді, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА. 

Ғарыштық ғылым мен техника адамның әл-ауқатын жақсартуға енгізетін үлесін атап өту үшін 1999 жылы 6 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қазанның 4-нен 10-на дейінгі аптаны Дүниежүзілік ғарыш аптасы (World Space Week) деп жариялады. 

«Қашықтықтан зондтау – болашағымызды кеңейту» Жердің бетін қадағалау тақырыбы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 2016 жылы Дүниежүзілік ғарыш аптасының негізгі тақырыбы болды. 

«Осы аптада «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшылығының бізде дипломалды практикасын аяқтап жатқан еліміздің негізгі ЖОО он магистрантымен кездесуі Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін қолдану мүмкіндіктеріне арналған», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

Дүниежүзілік ғарыш аптасы – бұл ресей ғарыш индустриясы үшін аса маңызды оқиғалардың бірі. Бұған іс-шара басталған күн, 4 қазан куә – осы күні 59 жыл бұрын Кеңес Одағы Жердің алғашқы жасанды жерсерігін табысты ұшырды, деп атап өтті Роскосмостің баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Роскосмос 2016-2025 жылдарға арналған федералды ғарыш бағдарламасын іске асыру барысында орбиталық топты ұлғайтуды өзінің негізгі басымдықтарының бірі деп жариялады. 

Дүниежүзілік ғарыш аптасы шеңберінде Байқоңыр ғарыш айлағының ардагерлерімен ресейлік ғарышкерлермен, ғалымдармен, шетел мамандарымен Мәскеуде, Костромада, Екатеринбургте, Калугада, Уфада, Нижний Новгородта және Ресейдің таға басқа қалаларында көптеген тұсаукесерлер, ғылыми конференциялар, көрмелер, квестер, дәрістер, пікірталастар, кездесулер жоспарланған.

cekta_sputnik_1.jpg

photo_06-09-04.jpg

_MG_7055.JPG


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ