Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

05.10.2016
Қазақстан Ресейге 535 мемлекетаралық техникалық комитетке кіруді ұсынды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ -  Астанада ТМД қатысушы-мемлекеттердің ғарыш қызметі саласындағы жобаларын нормативтік-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.  

Қазақстан, Ресей және Белоруссия ұлттық техникалық комитеттерінің (ҰТК) өкілдерінен тұратын жұмыс тобы бірқатар мәселелерді қарады, оның бірі Ресей өкілдерінің «Ғарыш жүйелері мен қызметі» стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитетке (МТК-535) кіруін талқылау болды. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ техникалық реттеу және метрология бөлімінің бастығы, жұмыс тобының мүшесі Рустембек Қонақбаев біздің агенттікке түсіндіргендей, құрамына толық құқылы мүшелер - Белоруссия, Қазақстан, Украина, сондай-ақ бақылаушылар - Армения, Тәжікстан кіретін, МТК-535 хатшылығына 2014 жылдан бастап Қазақстан басшылық етеді. 

Жұмыс қорытындылары бойынша жұмыс тобының төрағасы, «Роскосмос» мемкорпорациясының сертификаттау, стандарттау және лицензиялау департаментінің директорі Виктор Чапоргин атап өткендей отырыс тиімді өтті, барлық сұрақтар бойынша шешім қабылданды. Атап айтқанда, «ГЛОНАСС» ғарыш жүйесін Еуразия одағының аумағында қолдану қауіпсіздігі бойынша техникалық регламентті әзірлеу мәселесін талқылау қорытындылары жуырда болатын ТМД қатысушы мемлекеттердің атқарушы билік органдары өкілдерінің Алматыдағы ғарыштық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кездесуінде ұсынылады. 

МТК-535 төрағасы, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  президенті Марат Нұрғожиннің пікірі бойынша жетекші ғарыш держава ретінде Ресейдің МТК-535 кіруі ТМД елдерінің МТК мәртебесі мен мүмкіндіктерін халықаралық ынтымақтастықта нығайту қажеттігімен байланысты. 

Қазақстанның ғарыш қызметін стандарттау жөніндегі ұлттық техникалық комитеті (ТК-66) 2008 жылы құрылды.  Осы уақыттың ішінде ТК-66 ғарыш қызметі саласында шамамен 90 стандарт әзірледі.

IMG_5976.JPG

IMG_5983.JPG


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ