Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

05.11.2016
ҚР АШМ мен Қазақстан Ғарыш Сапары Мәскеуде конкурс номинанттары болды



МӘСКЕУ. ҚАЗАҚПАРАТ – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі,  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ  «Проектный Олимп - 2016» мемлекеттік секторында жобалық қызметті кәсіби басқару конкурсының номинанттары болды.  

«Проектный Олимп» конкурсын 2014 жылдан бастап РФ Үкіметінің жанындағы Аналитикалық орталық жүргізеді. Оның мақсаттары өз қызметіне жобалық басқарудың тиімді аспаптарын белсенді енгізетін, кез келген деңгейдегі мемлекеттік сектордың ұйымдарын қолдау; бұл саладағы ең жақсы ұлттық практикаларды анықтау және дәріптеу; жобалық және бағдарламалық-мақсатты басқару мүмкіндіктерін пайдалану есебінен мемлекеттік билік органдарының және мемлекеттік сектор ұйымдарының қызметінің тиімділігін жоғарылату үшін жағдайлар жасау болып табылады. 

Конкурстың міндеттері қарым-қатынас жасау, тәжірибемен алмасу және тарату; мемсектор ұйымдарының топтарын конкурсқа қатысуға тарту; инновациялық басқару әдістерін енгізуді және олардың қызметінің тиімділігін арттыруды ынталандыру болып айқындалды.  

Конкурс барысында құрамына РФ Президенті Әкімшілігінің, Үкімет аппаратының, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, сараптамалық бірлестік өкілдері мен конкурс әріптестері кіретін қазылар алқасы жобаларды басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды. 

«Проектный Олимп» конкурсына дәстүрлі түрде атқарушы биліктің федералды және өңірлік органдары, олардың идараға қарасты мекемелері, мемлекеттік корпорациялар, мемлекеттің қатысуымен компаниялар және түрлі даму институттары қатысады. Бұл жыл да ерекше болмады. 

2016 жылы конкурсқа қатысуға 300-ден астам өтінім берілді, олардың 30 конкурсқа қатысушысы ғана финалға шықты.   

Өздерінің алғашқы тәжірибесіне қарамастан, конкурстың финалына шыққан  үш қазақстандық байқаушының қатысуы «Проектный Олимп - 2016» ерекшелігі болды.  

Мәселен, конкурстық қазылар алқасының шешімімен «Ұйымның жобалық қызметін басқару жүйесі» номинациясында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ екінші орынға ие болды. Ұйымға «Проектный менеджмент» сериясының ұлттық және халықаралық стандарттарына сәйкестікке сертификат тапсырылды.  

Осы номинацияда үшінші орын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне тағайындалды, ол «Жобалық қызметте стратегиялық басқарудағы тиімді шешімдер үшін» деген арнайы жүлде алды. 

«Кешенді жобаны басқару жүйесі» номинациясында «Ұлттық ғарыштық технологиялар» АҚ  финалға қатысушы дипломымен марапатталды.  

Қосымша жүлде ретінде конкурстың финалға қатысушыларына «Проектный менеджмент» стандарттары бойынша бес қызметкерге тегін оқуға сертификаттар берілді. 

«Бірінші кезекте, алған наградамыз біз босқа жұмыс істемегенімізді көрсетеді, бұл біздің және басшылықтың салған күшініңі бағасы. Бұл бірінші награда ғана емес деп сенемін. Бұл үлкен тәжірибе және одан арғы жұмыс үшін күшті ынталандыру», - дер бөлісті өзінің алған әсерімен  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Келешегі бар жобалар орталығы менеджмент жүйесі секторының меңгерушісі Салтанат Базарбаева. 

Қазақстандық конкурсқа қатысушылардың «Проектный Олимп - 2016» конкурсына қатысуын «Қазақстан мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ бастамашылары ұйымдастырғанын атап өткен жөн. 

Қазақстан үшін жобалық қызметті басқару тетігінің маңыздылығын ескере отырып басқарма мүшесі, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы жобалау офисінің басшысы Шолпан Сапарғали бұл тәсілді өзектендіру  тарихының бастауымен бөлісті. 

«МЖӘ орталығы 2008 жылдан бастап мемлекеттік инвестициялық жобаларды бағалаумен айналысады, оның барысында біз оларды жоспарлауда және іске асыруда кейбір жүйелі келелі мәселелерді көреміз. Біз оларды қалай шешу туралы ойладық. Көптеген зерттеулер жүргіздік және кешенді жобалау тәсілі құралдарын енгізу қажет деген ойға келдік. Біз қазақстандық мемсекторға одан әрі енгізу үшін табысты практикаларды іздеу және жетілдіру қажет екенін түсіндік, соны соңғы екі жылда – 2014 жылдан бастап – Экономика министрлігі және 2015 жылдан бастап Білім министрлігіне жасап отырмыз»,- деп айтып берді қазақстандық жеке меншік әріптестік орталығының өкілі. 

Ш.Сапарғали атап өткендей, «Қазақстан мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ «Проектный Олимпке» қатысу барысында ресейлік әріптестердің тәжрибелері мен жақсы практикаларын зерттеді және оларды қазақстандық мемлекеттік сектордың ерекшеліктеріне бейімдеуге тырысады. 

«Бұл нақты тәжірибені зерттеп біз кейбір қателіктерді айналып өте аламыз», - деп атап өтті ол. 

Бұл ретте Ш.Сапарғали өз кезегінде ресейлік тарап жобаларды басқару саласындағы қазақстандық тәжірибеге қызығушылық білдіргенін қосты.  

«Мысалы, жобаларды іске асырудағы қазақстандық тәжірибеге қызығушылық бар, ол туралы қабылданған заң айтарлықтай көне», - деді Ш.Сапарғали. 

Бұл заңды дайындаған кезде МЖӘ орталығы ұқсас заңдардың және ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің қателіктерін, сондай-ақ жеке меншік сектордың барлық мүдделерін ескеруге тырысқанын түсіндірді. 

«Сонымен қатар, Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді стандарттау, өткізілген мемлекеттік қызмет реформасы, сондай-ақ жекелеген қазақстандық ұйымдардың жобалық тәсілдері жөніндегі тәжірибесі ресейлік тараптың қызығушылығын туғызды, бұл туралы, атап айтқанда «Проектный Олимп» көрмесіне біз ұсынған табысты практикалар айтады, олар  енгізілген сияқты, сондай-ақ тиімді жұмыс істейтін асессорлардың жоғары бағаларын алды», - деп қосты Ш.Сапарғали. 

«Біз қазақстандық әріптестерден шамамен 15 жақсы практика жинағанымызды атап өткен жөн, бұл өте жақсы нәтиже. Компаниялардың әртүрлі аспектілері дамыған», - деп бөлісті қазақстандық конкурсқа қатысушылардың жетістіктері мен зерттемелерінен өзінің алған әсерімен  РФ Үкіметінің жанындағы аналитикалық орталық басшысының кеңесшісі, «Проектная практика» компаниялар тобындағы басқарушы әріптес, СОВНЕТ жобаларын басқару қауымдастығының вице-президенті, бағдарламалар мен жобалардың сертификатталған директоры (асессор, IPMA сертификаттау жүйесіндегі А санаты) Юрий Трубицын.  

«Ауыл шаруашылығы министрлігінде бізге стратегиялық басқару деңгейінің бағдарламалар портфелінің дамуын одан әрі жоспарлаумен байланыс мәселесі өте ұнады. Бұл аса маңызды, бірақ іске асыру үшін өте күрделі кезең. Оны шешуге компаниялар өте сирек келеді. Енгізетін жоба жиі астынан жоғары жүреді. Мұнда үстінен төмен өтудің аса маңызды элементі шешім тапқан»,- деп түсіндірді асессор. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да, Ю.Трубицынның пікірі бойынша, ғарыш агенттігінің еуропалық стандарттарды пайдаланудың  тәжірибесі өте қызық, олар Қазақстанда қабылданған және ұйымның жұмысына тығыз байланыста енгізілген.  

«Өнім мен жобаларды басқару технологияларын біріктіру қазір әлемдегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Және қазақстандық тарап мұндай тәсілдің нәтижелілігі мен тиімділігін сендіре көрсеткені өте көрнекі және ұнамды мысал болып табылады. Үйренетін нәрсе бар», - деді ол. 

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қатысты, ол ұйым көп жетістіктерге жеткенін атап өтті. Жобалық ынталандырудың статитикалық көрсеткшітер жүйесін пайдалану бөліпр көрсетілді. 

«2017 жылы «Проектный Олимп» негізінде қазақстандық ұйымдардың көп өкілдіктерін күтеміз», - деп аяқтады сөзін Ю.Трубицын.

null

null
null

null

null


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ