Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

18.11.2016
Теңіз жергілікті дифференциалды станса ҚРҚорғаныс министрлігіне тапсырылды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - 2014 жылы қаңтарда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы Каспий теңізінің жағалауында орнатылған теңіз жергілікті дифференциалды стансаны (ТЖДС) пайдалануға қабылдады.  

Жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі (ЖЖНЖ) орталығының директорі Нұрған Кемербаев біздің агенттіке айтқандай компания теңіз жергілікті дифференциалды стансаны ЖЖНЖ жерүсті инфрақұрылымы жобасын іске асыру аясында құрды. 

Теңіз жергілікті дифференциалды стансаның қызметтері теңіз навигациясы, картография, инженерлік іздеулер және т.б. теңіз қызметі бағыттарында пайдаланылады.  

null

ТЖДС негізгі міндеті ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүйелер (ҒНЖЖ) тұтынушыларына  теңіз кемелерінің, теңіз бұрғы қондырғыларының орналасқан жерін 2 метрге дейін қатемен,  283,5 кГц - 325 кГц жиілікте 300 км әрекет ету радиусымен дәл табу мақсатында дифференциалды түзетулер беру болып табылады. 

Каспий жағасында ТЖДС орнату туралы шешім Каспий теңізінде кеме қатынасының жыл сайын ұлғаюы ескеріле отырып және теңізде жүзу қауіпсіздігі мақсатында кемелерді навигациялық құралдармен, атап айтқанда координаттарды дәл анықтау мақсатында ТЖДС-тен дифференциалды түзетулерді қабылдау үшін  ДГЛОНАСС/ДGPS қабылдаушы-индикаторлармен жабдықтау қажет. 

null

«Сауда мақсатында теңізде жүзу» туралы ҚР Заңына сәйкес Қорғаныс министрлігінің әскери-теңіз күштері гидрографиялық қызметі теңізде жүзудің навигациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті орган болып табылады. 

Осыған байланысты «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ ТЖДС ҚР ҚМ өтеусіз тапсыру туралы шешім қабылдады. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бұйрығының негізінде ТЖДС ҚР ҚМ ӘТК гидрографиялық қызметінің құрамына тапсырылды деп хабарлады компанияның президенті Марат Нұрғожин.  

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ЖЖНЖ орталығының ТЖДС бөлімінің бастығы Абай Жүсіпов теңіз стансасын қабылдау-табыстау актісіне қол қойып тұрып, станса жұмыс істеген  үш жылдың ішінде анықталған координаттар дәлдігінің арқасында кемелер апаты төмендегенін, бағдар нүктелерінің нақтыланған кестесі, берілген аймақта нысанның болуын бақылау есебінен тұтынушы отынының едәуір үнемделгенін атап өтті. 

Дифференциалды ішкі жүйелерді, ең алдымен теңіз тұтынушылары үшін құру жөніндегі қарқынды жұмыстар көптеген елдерде жүргізілетіні белгілі. Бүгінгі таңда 22 елде GPS дифференциалды ішкі жүйенің 166 тірек стансасын тәжірибелі пайдалану өріс алды.

null




Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ