Главная Новости

Новости

19.11.2016
Space Days алғашқы ғарыштық хакатон жеңімпаздарды жариялады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Бүгін Алматыда Tech Garden алаңында Қазақстан тарихында алғашқы Space Days ғарыштық хакатон жеңімпаздарды жариялады, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.  

Форум бастамашысының бірі, «Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Сапар Сатаев хабарлағандай, питчинг қорытындылары бойынша қазылар алқасы ең жақсы үш жобаны анықтады. 

«Хакатонда көп жақсы жоба ұсынылды, алайда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ технологиялық әріптестері үшеуіне ғана қызығушылық білдірді, компания мамандары оларды болашақта қарайды», - деді ол.  

Хакатон ұйымдастырушылары - Almaty Tech Garden инновациялық кластері атап өткендей Жерді қашықтықтан зондтау және жоғарыдәлдікті навигация жүйесі ұсынған деректер негізінде ауылшаруашылық жабдығы мониторингінен бастап әуе қорғанысын жоспарлауға дейін әртүрлі салалар үшін шешімдер ұсынылды. 

Қазылар алқасы ғарыштық хакатон жеңімпаздарын жариялады. Бұл «Құрам мониторингі мен сыныптау – хлорофилдің жоғары және төмен құрамымен аумақтарды анықтау» зерттемесімен «ГЕО Астана» командасы, «ЖҚЗ, GIS технологиялары мен машиналық оқуды пайдаланумен егімтіктер мониторингі және өнімділікті болжау» жұмысының тұсаукесерін өткізген «Data Science unit» командасы, сондай-ақ «Астронавтс» командасының әзірлеушілері «Берілген координаттарда радиолокациялық стансаларды орналастыру опцияларымен әуе қорғанысты жоспарлауды» ұсынды. 

Жеңімпаздар ақшалай жүлделер алады, оларға өз жобаларын Астанада 21-22 қарашада «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинарында ұсыну мүмкіндігі беріледі. 

Сонымен қатар, ғарыштық хакатон жеңімпаздарына Almaty Tech Garden Tech Garden инновациялық кластер негізінде өз жобаларын жылдамдату және пысықтау мүмкіндігі беріледі.



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ