Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

21.11.2016
Астана орталығының 3D-үлгісі жасалды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Астанада өткен «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинарында Астананың әкімшілік орталығының сандық 3D-үлгісінің бірегей бейнеролигі көрсетілді, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.  

"Қазақстан астанасының суреттерін бірнеше апта бұрын "Казакстан Ғарыш Сапары" ҰК» АҚ қолдауымен "Геоскан" ресейлік компаниясының ұшқышсыз ұшатын аппараты жасады» - деді біздің агенттікке ЖЖНЖ орталығының директорі Нұрған Кемербаев. 

Сандық 3D-үлгі «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары үшін арнайы дайындалды.  

"Геоскан" компаниясының өкілдері атап өткендей, мұндай масштабтағы 3D-үлгі қала инфрақұрылымын қабылдаудың қол жетпейтін көрнекілігін қамтамасыз етеді, толық, геобайланысты ақпараттық өнім алуға мүмкіндік береді.  

null

Семинардың қорытындалыры бойынша  «Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК» АҚ мен ""Геоскан" ресейлік компаниясы Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппаратарды өндіретін бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі хаттамаға қол қойғаны белігілі болды.  

"Сондай-ақ сервис орталығын және қалалардың  3D-үлгісін аэрофототүсіру қызметтерін көрсететін, электр беретін желілерді зерттеу, топографиялық жоспарлар жасау, мониторинг міндеттерінің орталығын құру жоспарланып отыр ", - деді сөзінің соңында Кемербаев.





Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ