Главная Новости

Новости

05.03.2015
Қазақстан теміржолшылары өз жұмысында жаңа ғарыштық технологияларды пайдалануға ниетті

АСТАНА.ҚАЗАҚПАРАТ - «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ өкілдері «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жаңа офисіне жұмыс сапарымен барды, онда олар жаңа ғарыштық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерімен танысты. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (ҚҒС) президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин және оның орынбасары Бағлан Қазиев қонақтарға ҚР жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің (ЖЖНЖ) және Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ЖҚЗ ҒЖ) жұмысы туралы әңгімелеп берді. 

Бас инженер мен басқарушы директор Серік Төлебаевтың басқарып келген «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясына кеңістікті-ұзына бойлы нысандар (көпірлер, тоннельдер және т.б.) мониторингі, жылжымалы объектілер (т/ж көлігі, автокөлік), навигациялық жабдықтың тәжірибелі өндірісінің мониторингі бойынша ҚР ЖЖНЖ мүмкіндіктері көрсетілді. 

Сонымен қатар қонақтар ҚР ЖЖНЖ барлық нысандарының: дифференциалды түзету және мониторинг орталығының, бүкіл Қазақстан бойынша орналасқан дифференциалды стансалар желісінің, теңіз жергілікті дифференциалды стансаның, сәйкестікті бағалау зертханасының жұмысымен танысты. 

Сондай-ақ «ҚҒС» ҰК» АҚ мамандары ЖҚЗ қазақстандық жерсеріктерінің көмегімен еліміздің теміржол магистралдарында су тасқыны мен қар көшкінінің ұнамсыз салдарының алдын алу мақсатында таулы және тау алдындағы аудандарда қар массаларының жиналуын бақылауға болатынын көрсетті.  

Біздің агенттікке «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері айтқандай «ҚҒС» мамандары рельс жолының ақаулы жерлерінде нақты координаталарды анықтауға арналған Астанадан Щучинскке дейін т/ж магистралі бойына реперлі желіні құрастыру, іске қосу-баптау және сынау жұмыстарын орындады.  

«Бұл жұмыстар табысты аяқталды және ғарыштық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланудың нақты мүмкіндіктері мен «ҚҒС» компаниясымен одан әрі ынтымақтастық шындап қызықтырды», - деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері. 

«Транстелеком» АҚ мамандары да қатысқан кездесудің қорытындылары бойынша өзара ынтымақтастықтың келешекті бағыттары белгіленді, олардың бірі Қазақстанның бүкіл аумағында «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ үшін реперлі желі құруға «Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ қатысуы болып табылады.

IMG_6031.JPG IMG_6035.JPG

IMG_6041.JPG


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ