Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

22.11.2016
Астанада «Қазақстандағы ғарыш күндері - 2016» IV халықаралық семинар табысты өтті

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ. 2016 жылы 21-22 қарашада Астанада «Қазақстандағы ғарыш күндері - 2016» IV халықаралық семинары өтті. Егер алдыңғы форумдарда сөз Қазақстанда ғарыштық технологияларды пайдалану тұсаукесері мен мүмкіндіктері туралы болса, биыл еліміздің бас ғарыш форумы ҚР Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш жүйесінің және жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің (ЖЖНЖ) жұмысы мысалында қазіргі ғарыштық технологиялардың практикалық тәжірибесі мен келешегіне арналды. 

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинар әр жыл сайын өзінің шекарасы мен әсер ету саласын кеңейтуде. Биылғы іс-шараға 400-ден астам адам – ғарыш саласындағы өнімдер мен қызметтер пайдаланушылары мен өндірушілері, 20 елден шетелдік 50 компанияның мамандары қатысты.   

Семинарға қатысушыларды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов құттықтады, ол Қазақстанның ғарыш саласын құру жөнінде Президенттің қойған міндетінің маңыздылығын атап өтті.  

ҚР Президентінің кеңесшісі, атақты ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев Ұлт Көшбасшысының, ҚР Тұңғыш Президентінің республиканың ғарыш қызметінің өркендеуіндегі және дамуындағы рөлі туралы айтып берді. 

«ҚҒС» ҰК» АҚ стратегиялық әріптесі, еуропалық концерн Airbus Defence and Space осы жылдар бойы семинардың платина демеушісі болды. Airbus Defence and Space аға вице-президенті Хьюг Лаппорт-Вейвада бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі қазақстандық және француз мамандарының ынтымақтастығы туралы баяндамамен сөз сөйлейді.  

Сондай-ақ, форумның жұмысына Surrey Satellite Technology Limited (Ұлыбритания), IABG (Германия), SUNACS (Судан) сияқты шетелдік аэроғарыш компаниялары, ЖҚЗ деректер операторлары – «Геоскан» ЖШҚ (Ресей), UrtheCast (Канада), Hexagon Geospatial (АҚШ), «Совзонд» ЖШҚ (Ресей), ИТЦ «СКАНЭКС» ЖШҚ (Ресей),  «Ракурс» ЖАҚ, DigitalGlobe, іске қосу қызметтерінің операторлары – «МКК «Космотрас» ЖАҚ (Ресей), шетел елдерінің ғарыш агенттіктері мен ведомстволары, сондай-ақ жетекші қазақстандық компаниялар, елдің ҒЗИ мен ЖОО қатысты. 

«Алда өткізілген үш семинарды өткізу тәжірибесі мен масштабы ғарыштық технологияларды мемлекеттік сектор ұйымдары сияқты, сондай-ақ жеке меншік компаниялардың экономиканың түрлі салаларында қолдануының жоғары сұранысын көрсетті. Осы семинардың арқасында ЖҚЗ мен ЖЖНЖ шеңберінде таяу және алыс шетел әріптестерімен одан арғы табысты ынтымақтастық жолға қойылды», - деп атап өтті президент Марат Нұрғожин. 

Семинардың негізгі тақырыптарының бірі ғарыш қызметінің нәтижелерінен болатын әлеуметтік-экономикалық, жанама пайданы анықтау болды. Сондықтан негізгі секциялардың бірі Қазақстан Республикасының ғарыш қызметіне инвестициялар тартуға арналды. Атап айтқанда, сөз кеңістікті деректердің жерүсті инфрақұрылымын (КДЖИ) құру, ұшқышсыз ұшатын аппараттар (ҰҰА) өндірісі және басқа жаңа жобалар туралы болды. 

Биылғы форумның ерекшелігі «Ғарыш күндері» шеңберінде өткен бірінші ғарыштық хакатон болды, оның жеңімпаздары семинар қатысушыларына таныстырылды. Семинар міндеттерінің бірі – стартап компанияларды, ҚР ЖОО, ғылыми ұйымдарын инновациялық ғарыштық технологияларды әзірлеуге тарту болды, бұл міндет орындалды. 

«Қазақстандағы ғарыш күндері - 2016» халықаралық семинарының қорытындылары бойынша жаңа әріптестермен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, ЖҚЗ қазақстандық жерсеріктерінен ғарыш суреттерін тұтынушыларға жеткізу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
«Қазақстандағы ғарыш күндері - 2017» келесі халықаралық семинары Астанада  ЭКСПО дүниежүзілік көрме аясында өтеді.


IMG_6273.JPG

IMG_6290.JPG
IMG_6271.JPG
IMG_6292.JPG
IMG_6351.JPG


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ