Главная Новости

Новости

24.11.2016
Ғарыш терминдерінің қазақ тіліндегі сөздігі жасалды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ -  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы қызметкерлерінің бастамасы бойынша ғарыш терминдерінің орысша-қазақша сөздігі жасалды, деп хабарлады «Қазақпарат ХАА тілшісі.  

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ұйымдық-бақылау бөлімінің бас маманы Шолпан Малгаздарова біздің агенттікке айтқандай терминологиялық сөздік құру бойынша жұмыс 2006 жылы басталды. «Қазақстан ірі ғарыш жобаларын іске асыруға кірісті, ғарыш саласының техникалық, күрделі, арнайы терминдерін аудару қажеттігі туды», - деп еске түсіреді Ш.Малгаздарова. 

Жиі қолданылатын ғарыштық терминдер бірнеше жыл бойы іріктелді, бүгінгі күнде сөздікке ғарыш қызметінде пайдаланылатын 640 сөз бен терминдер, аббревиатуралар мен олардың ашылған шифрлары енгізілген.  

«Дистанционное зондирование Земли», «система высокоточной спутниковой навигации» сияқты сөз тіркестері жақында ғана қолдануға енгізілді және олардың ана тіліндегі дәл аудармасын беру қажет болды, мысалы: Жерді қашықтықтан зондтау, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі», - дейді сөздіктің бастамашысы Ш. Малгаздарова. 

null

Статистикаға сай, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ұжымының жартысы қазақ тілін оқу курсын өтті және сертификаттары бар, бұл ретте курс тыңдаушыларының көбі қазақ тілінде сөйлеушілер болды.  

2012 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы комиссиясы  бекіткен ғарыш терминдерінің сөздігі әзірше электронды түрде пайдалануда.  

«Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ компаниясының жоспарында – осы зияткерлік еңбекке авторлық құқықты бекіту және Қазақстанда алғашқы орысша-қазақша ғарыш терминдер сөздігін шығару.




Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ