Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

30.11.2016
«Еуразиялық технологиялық платформа» консорциумының төрағасы сайланды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Астанада өткен «Қазақстандағы ғарыш күндері - 2016» халықаралық семинар шеңберінде «Еуразиялық технологиялық платформа (ЕТП) «Ғарыштық және геоақпараттық технологиялар – жаһандық бәскеге қабілеттілік өнімдері» консорциумына қатысушылар өкілдерінің жалпы жиналысы өтті, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі. 

Консорциум 2016 жылы 26 мамырда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ, «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ қазақстандық компаниялар мен «Международные космические технологии» ЖАҚ, «Компания «Совзонд» ЖШҚ ресейлік кәсіпорындар, М.В.Ломоносов атындағы ММУ ғылыми саясат және ғылыми зерттеулер ұйымдары басқармасы, сондай-ақ Беларусь Республикасының «Геоинформационные системы» Ұлттық ғылыми академиясы, Белорус мемлекеттік университеті арасындағы келісім негізінде ұйымдастырылды. 

Консорциумға қатысушылар атап өткендей, оның негізгі мақсаты – кеңістіктік деректер, Жерді қашықтықтан зондтау технологиялары негізінде геоақпарат пен сервистер саласында коммуникациялар және бағдарламалық өнімдер жасау, шешімдер қабылдауды қолдау үшін талдамалы ақпарат алу бірыңғай ортасын құру.  

Астанада кездесу уақытында Консорциумға қатысушылар консорциумның жұмыс жоспарын және бірлескен жобалар тізімін талқылады, сондай-ақ 2016-2017 жылдарға арналған Консорциум Кеңесін құрды. 

Жалпы жиналыстың қорытындылары бойынша Консорциумның төрағасы болып «Международные космические технологии» ЖАҚ (Ресей Федерациясы) бас директорі Андрей Данелян сайланды.  

А. Данелян атап өткендей, еуропалық және ресейлік технологиялық платформаға жүргізілген талдау Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағында мұндай құрал жасаудың мақсатқа сәйкестігін көрсетті. Осыған байланысты ЕТП құруды үйлестіруге жауапты ұлттық органдар (Армения Республикасының Экономика министрлігі, Беларусь Республикасы Ғылым және технологиялар мемлекеттік комитеті, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қырғыз Республикасы Экономика министрлігі және Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігі)  айқындалды. 

Тұрақты әрекет ететін орган – еуразиялық технологиялық платформа құру жөніндегі жұмыс тобы құрылды, онда ЕАЭК, ЕЭК және сараптама бірлестігі елдерінің уәкілетті органдарының өкілдері кірді. 

ЕТП қатысушыларының бірлескен қызметі ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізуге, инновациялық және кооперациялық жобаларды өндіруге және іске асыруға, бірлескен зерттемелер ұйымдастыруға, инновациялық технологиялар мен жаңа өнімдерді құруға және оларды өнеркәсі өндірісіне енгізуге бағытталған. Осының барлығы ЕАЭК мүше мемлекеттердің инновациялық түрленуіне, олардың жаңа технологиялық деңгейге шығуына ықпал ететін болады.

Фото Данелян А В .jpg

3 Директор МКТ.jpg

IMG_6273.JPG


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ