Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

07.12.2016
«Ғалам» Қазақстан-Француз кәсіпорнының бас директорі тағайындалды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - «Ғалам» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен Айберген Русланұлы «Ғалам» Қазақстан-Француз кәсіпорнының бас директорі болып тағайындалды, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

Хаттама жиналыс төрағасы, ҚР ҚАӨМ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Марат Нұрғожинмен бекітілді және француз әріптестерімен келісілді.

Айберген Русланұлы 1985 жылы туды. 2007 жылы Мәскеу қаласындағы  Н.Е.Жуковский атындағы Әскери-әуе инженерлік академияны аяқтады. 2010 жылы С.П. Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетінде кәсіби даярлықтан өтті. 

Еңбек жолын 2008 жылы Қазғарыштың ғарыш қызметін дамыту стратегиясы басқармасының жетекші маманынан бастады.

2008 жылдан бастап 2012 жыл бойы «Бәйтерек» БК» АҚ Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорнында жұмыс істеді. Өндірістік-техникалық басқарманың маманы, жетекші маманы, ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы және жобаларды басқару бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

2012 жылдан бастап 2013 жыл бойы Қазғарыштың жерүсті ғарыш инфрақұрылымы басқармасының бастығы болып жұмыс істеді,  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқыды, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде тағылымдамадан өтті. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 2013 жылдан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да жұмыс істеді, Жобалау офисін басқарды, 2015 жылғы наурыздан бастап Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің (ҒА ҚСК) және ҒТ АКТБ технологиялық жабдығын жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ оларды пайдалануға енгізу үшін жауапты бөлімше болып табылатын Келешегі бар жобалар орталығының директорі болып тағайындалды.

2014 жылдан бастап ҒА ҚСК жобасы басшысының орынбасары болып табылады, 2015 жылдан бастап «Ғалам» ЖШС Қадағалау кеңесінің мүшесі.

«Қазақстан Республикасының ғарыштық қызметін дамытуға қосқан жеке үлесі және еңбегі үшін»  Қазғарыштың құрмет грамотасымен марапатталды.

«Ғалам» ЖШС 2009 жылы Астанада ҚР Жерді  қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру үшін құрылғанын еске түсірейік. Қазақстан-француз альянсының негізгі бағыты ғарыш аппараттарын жасау және оларды өндіру қызметтерін нарыққа жылжыту болып табылады.

БК-дағы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жарғылық капиталының үлесі 72 %,  «EADS Astrium» (қазіргі «Airbus Defence and Space») француз компаниясының үлесі тиісінше 27,5 % құрайды.

Мемлекеттік орган – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік комитетінің үлесі 0,5% құрайды.

Айберген-3.png



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ