Главная Новости

Новости

04.03.2015
Мемлекетаралық радионавигациялық бағдарламасының қатысушылары зияткерлік меншікті өзара қорғау туралы уағдаласты.

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Қазақстан елордасында ТМД қатысушы-мемлекеттерінің мемлекетаралық радионавигациялық бағдарламасының (МРБ) ұлттық мемлекеттік тапсырыс берушілерінің кезекті отырысы өтті. 

Кездесу салынып жатқан Ұлттық ғарыш орталығының аумағында орналасқан «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жаңа кеңсесінде өтті. 

Отырысқа Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, Беларус Республикасының Мемлекеттік әскери-өнеркәсіп комитетінің, ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысты. 

ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков атап өткендей, ұлттық тапсырыс берушілердің қарауына 2014 жылы МРБ іске асыру туралы есеп ұсынылды және МРБ-2016 іске асыру барысы талқыланды. 

Отырыс қорытындылары бойынша ұлттық мемлекеттік  тапсырыс берушілер үштарапты ынтымақтастық барысында зияткерлік меншікті өзара қорғау туралы келісім жобасын қабылдады, ол Белорус Республикасының Мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік комитетінің және ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің мекенжайына жіберілетін болады. 

«Ұлттық жерсеріктік навигациялық жүйесінің экономикалық қайтарымын арттыру үшін бізге ресейлік және белорустік әріптестеріміздің тәжірибесі аса қажет», - деді М.Молдабеков. 

Қазақстан Республикасындағы, Ресей Федерациясындағы және Белорус Республикасындағы қазіргі күрделі қаржылық-экономикалық жағдайға байланысты МРБ қатысушылары МРБ-2016 кейбір іс-шараларының шығындарын кезекті отырысқа оңтайландыру туралы шешім қабылдады. 

ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Мемлекетаралық радионавигациялық бағдарламасының (МРБ) ұлттық мемлекеттік тапсырыс берушілерінің келесі отырысы 2015 жылдың маусым айында Алматыда өткізу жоспарланып отыр. 

IMG_5995_04032015.jpg  IMG_6001_04032015-02.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ