Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

13.12.2016
ҚР ҚАӨМ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Баспасөз релизі

2016 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын болып өтті. 

Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Одан кейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі  Б.Б. Атамқұлов Министрлік пен оның қарамағындағы ұйымдардың қызметкерлерін осы айтулы күнмен құттықтады. 

Өз құттықтауында: «Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы – бұл Мәңгілік ел болу жолындағы ұлтымыздың мерейі мен мәртебесінің көрінісі. Абыройы мен айбары асқақтаған тарихи кезеңнің жеңісті нәтижесі. Тәуелсіздігімізді нығайтуға және Қазақстанның гүлденуіне ат салыса берейік», – деп атап өтті. 

Сонымен қатар, салтанатты жиынның құрметті қонағы Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер, авиация генерал-майоры, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-тың вице-президенті Айдын Ақанұлы Айымбетовке құттықтау сөз кезегі берілді. 

Іс-шара барысында Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірқатар қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар, мерейтойлық медалдар және Министрліктің құрмет грамоталары табыс етілді. 

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 382 Жарлығына сәйкес, 

«Парасат» орденімен:
«Семей Инжиниринг» АҚ-тың бас директоры М.Қ. Айнабеков; 

 «Құрмет» орденімен:
«Тыныс» АҚ-тың бас директоры Қ.Т. Рыспаев;
«Ионосферы институты» ЕЖШС-тің зертхана меңгерушісі А.Г. Фремд;
«Петропавл ауыр машина құрастыру зауыты» АҚ Аспаптық цех учаскесінің аға мастері Л.И. Чернявский; 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
Министрліктің Аэроғарыш комитеті «Байқоңыр» ғарыш айлағын басқару басқармасының басшысы А.М. Бекішев;
«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ департаментінің директоры С.Ш. Мұқанова;
«Бәйтерек» БК» АҚ директорының кеңесшісі Л.Н. Тілепбергенова;
«Резерв» РМК-нің тракторшы-экскаваторшысы А.Ж. Нұрғалиев;
«С.М. Киров атындағы Машина құрастыру зауыты» АҚ-тың бас инженері Е.С. Белоусов; 

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен:
«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ департаментінің директоры Г.В. Кравченко;
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқармасының басшысы А.Қ. Қабдолланов;
«Семей инжиниринг» АҚ-тың бас энергетигі Б.Ә. Дүйсенбин;
Министрліктің Жұмылдыру даярлығы департаментінің бас сарапшысы Б.Д. Мәмбетәлиев; 

«Қазақстан Республикасына 25 жыл» мерейтойлық медалімен:
«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ жетекші инженері А.М. Исламов;
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ департаментінің директоры Р.Ә.Комратов;
«Ғарыш-Экология» ҰЗО» РМК бөлімінің бастығы В.Т. Черногрицкая;
«Резерв» РМК-нің машинисті Қ.Б. Әлімов; 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Құрмет грамотасымен:
«Ғалам» ЖШС-тің техникалық директоры Жан-Франсуа Монье;
«Қазақстан ASELSAN инжиниринг» ЖШС бас директоры Т.З. Кабоглу;
«Қазарнайыэкспорт» РМК басқармасының бастығы Д.М. Ашуменова; 

Министрліктің Аэроғарыш комитеті Жобаларды сүйемелдеу басқармасының бас сарапшысы Б.К. Құсекеев марапатталды. 

Сондай-ақ, марапатталушылардың атынан ықылыс ілтипат білдіру үшін сөз кезегі «Семей Инжиниринг» АҚ бас директоры М.К. Айнабековке, «Ғалам» ЖШС-тің техникалық директоры Жан-Франсуа Моньеге, «Ионосферы институты» ЕЖШС-тің зертхана меңгерушісі А.Г. Фремдке және Тәуелсіздіктің төл құрдасы – Министрліктің Аэроғарыш комитеті Жобаларды сүйемелдеу басқармасының бас сарапшысы Б.К. Құсекеевке берілді. 

Марапатталушылар салтанатты жиынға қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтап, денсаулық пен бақыт, жұмыстарына толағай табыстар тіледі.
 

 

ҚР ҚАӨМ баспасөз қызметі


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ