Главная Новости

Новости

12.02.2015
Қазақстанда жерсеріктік навигациялық аппаратураның сәйкестігін бағалау зертханасы құрылды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ жерсеріктік навигациялық аппаратураның (ЖНА) сәйкестігін бағалау зертханасын (СБЗ) құру жұмыстарын аяқтады. 

Құрамында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитетінің мамандары бар мемлекеттік комиссия СБЗ ескертусіз қабылданғаны туралы мәлімдеді. 

Зертхана GPS NavStar, ГЛОНАСС, Galileo ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүйелердің (ҒНЖЖ) және SBAS функционалды қосымшасының сигналдары бойынша жұмыс істейтін жерсеріктік навигациялық аппаратураны тексеру, сондай-ақ ЖНА ғылыми зерттеулерін жүргізу бойынша қызметтер ұсынатын болады. 

Атап айтқанда, зертхананың көмегімен ЖНА метрологиялық сипаттамалары тексеріледі, навигациялық және жиілік-уақыттылық параметрлерді өлшеу, ЖНА техникалық мүмкіндіктерін теңіз, құрлықта, авиация, ғарыш, геодезия және басқада арнайы қолдануын айқындау жүргізіледі. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин атап өткендей СБЗ-да ҚР жалғыз ҒНЖЖ (ГЛОНАСС/GPS/GALILEO/SBAS) сигналдарын имитациялау жүйесі бар. «Бұл біздің мамандарымызға үшу аппараттарында, жерүсті көлігінде (ТЖ және авто), геодезиялық жабдықта, сондай-ақ ЖНА келешекті типтерін сынау кезінде пайдаланылатын жерсеріктік навигациялық аппаратурамен жүргізілетін нақты сипаттамаларды толық өткізуге мүмкіндік береді», -деді М.Нұрғожин. 

«Қазіргі уақытта ҚР ЖЖНЖ ұлттық операторы болып табылатын біздің компания сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігі бойынша  акредиттеу және мемлекеттік стандарттарға сәйкес болу рәсімдерін аяқтауда. Одан кейін «өлшеу құралдарын тексеруші» деген ерекше біліктілікке ие болған ЖЖНЖ орталығының қызметкерлері жерсеріктік навигациялық аппаратураның дәл сипаттамаларын өлшеу қызметтерін пайдаланушылардың кең тобына беруге дайын болады», - деп атап өтті «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшысы.

IMG_03-022015.jpg IMG_12022015.jpg



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ