Главная Новости

Новости

17.12.2016
Студенттер Қазақстанның ғарыш картасын жасауда

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің (ҚАТУ) «Геодезия және картография» мамандығы бойынша оқитын студенттері, ғарыш суреттерінен растрлық негіз жасау жөніндегі арнайы бригадаларда жұмыс істейді. Бұл туралы «Қазақпарат» ХАА тілшісіне Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) орталығының директорі Фараби Ермеков айтып берді.  

«Осыдан бір ай бұрын 1-4 курс студенттерінің арасында ұран салдым. Сабақтан тыс уақытта мамандығы бойынша нақты жұмыс жасайтын бригадалар құрдық. Болашақта ақылы жұмыс көлемін алуға тырысамыз. Тиісінше балаларда, студент кездерінде еңбек кітапшасын алып өз мамандағы бойынша ақша табу мүмкіндігі болады. Нәтижесінде бір мамандықтың 200 студентінен бригадаға 120 жазылды!», - деп атап өтті Ф. Ермеков.  

Студенттік бригадалар ауқымды жұмыс таңдады – ашық пайдаланылатын ғарыштық суреттерден Қазақстанның растрлы негізін құру. Бүгін 15 бригадада балалар карталардың 59000 парағын жүктеді.  

Студенты создают космическую карту Казахстана

«Енді біз студенттерді компьютерлік сыныптардан  қууымызға тұра келіп тұр, 37 компьютер тәулік бойы жұмыс істейді. Біз келіп түсіп жатқан деректер ағымын қабылдап үлгермей жатырмыз. Енді бізде Қазақстанның барлық аумағына байланыстырған ғарыштық суреттер базасы бар! Және ең бастығы – студенттердің көздері жанып тұр», - деп бөлісті өз әсерімен студенттік ГАЖ орталығының директорі. 

ҚАЗАТУ-да көптеген ғылыми және практикалық бастамалардың жаңашылы болып табылатын Фараби Ермековтің пікірі бойынша, бұл экспериментке басқа мамандықтарды да тарту керек, сонда механизмнің қуаты он есе ұлғаяды. Бұл жастарға студенттік кезден бастап қазіргі ғарыштық технологияларды пайдаланумен еліміздің ауқымды жобаларына қатысуға мүмкіндік береді.

Студенты создают космическую карту Казахстана


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ