Главная Новости

Новости

21.12.2016
Байкоңырдан «Протондарды» ұшыру қысқартылуда

БАЙҚОҢЫР. КАЗАҚПАРАТ - 2016 жыл, соңғы уақыт ішінде Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырулар бойынша ең саны аз жыл болды, дейді «Қазақпарат» ХАА тілшісі.  

Кетіп бара жатқан 2016 жылы  Байқоңыр ғарыш айлағынан 11 іске қосу жүргізілді, тағы біреуі ағымдағы жылдың желтоқсаны аяғында күтілуде.  

Статистикаға сай,  2016 жылы Роскосмос Байқоңырдан «Союз» класты зымыран-тасығыштың 8 іске қосуын, оның 7 Халықаралық ғарыш стансасы бағдарламасы бойынша жүзеге асырды.  

Запуски «Протонов» с Байконура сокращаются

2016 жылы наурызда «Ресурс-П» ғарыш аппаратымен «Союз- 1б» табысты ұшырылды. 

ХҒС бағдарламасы бойынша бортында экипаждарымен ұшқыш басқаратын көліктік кеменің 4 ұшырылуы жүзеге асырылды, ХҒС-те олардың старттары 2016 жылғы наурызда, шілдеде, қазан мен қарашада болды. «Союз 2.1 а және «Союз-У» зымыран-тасығыштардың көмегімен «Прогресс» көліктік жүк кемесінің 3 ұшырылуы өтті.  Өкінішке орай, «Прогресс МС-04» ғарыштық жүк көлігінің 2016 жылы 1 желтоқсандағы іске қосуы «Союз -У»  зымыран-тасығыштың үшінші сатысымен келелі мәселелерге байланысты сәтсіз болд да ол жоғалып кетті.  

Биыл Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран-тасығыштың не бары үш іске қосуы болды. Қаңтарда ауыр ресейлік зымыранның көмегімен «ЮтелСат-9Б» француз жерсерігі, наурызда - «ЭкзоМарс-2016» ғарыш аппараты (ЕҒА мен Роскосмостің бірлескен жобасы) және маусымда - «Интелсат ДиЭлЭй-2» американдық жерсерік ұшырылды.  

Запуски «Протонов» с Байконура сокращаются

2016 жылы Байқоңырда еңбек ғарыш вахтасын «ЭкоСтар-21» американдық байланыс жерсерігімен «Протон-М» зымыранның старты аяқтауға тиіс,  ол 28 желтоқсанға белгіленген. 

Сонымен, 2016 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан барлығы 12 іске қосу өткізіледі, бұл басқа жылдармен салыстырғанда анағұрлым аз. Мысалы, 2015 жылы 18 зымыран-тасығыш ұшырылды. Және де іске қосулардың азаю үдересі негізінен «Протон-М» улы зымыран-тасығыштарды іске қосуды азайту, бұл Байқоңыр ғарыш айлағынан экологиялық қауіпсіз іске қосуларды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекетаралық уағдаластықтармен көзделген. 

Запуски «Протонов» с Байконура сокращаются



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ