Главная Новости

Новости

27.12.2016
Қазақстанда АШШЖ жүйесін тәжірибелі пайдалану 1 қаңтардан басталады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Бүгін Астанада, Ұлттық ғарыш орталығында Апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесінің (АШШЖ) жұмысы көрсетіледі, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.  

АШШЖ тиімділігін бағалауға Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау, «ҚазИнст» РМК бас директорі Қайрат Кәрібжанов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Қазақтелеком» АҚ, ҚР ІІМ ТЖ комитетінің, республикалық Санавиацияның және басқа ведомстволардың өкілдері келді. 

АШШЖ жүйесінің тұсаукесерін және ЖЖНЖ Орталығы негізіндегі шұғыл шақыру жұмысына түсіндірмелерді Ғарыштық техника мен технологиялар институты (ҒТТИ) ғарыштық ақпараттық технологиялар зертханасының меңгерушісі Денис Еремин жүргізді. 

Опытная эксплуатация системы ЭВАК в Казахстане начнется  с 1 января

Көрсету үшін үш автомобиль: біреуі Астана қ., екіншісі Алматы қ., үшіншісі Астана-Алматы тас жолында пайдаланылды, оларға қазақстандық және ресейлік өндіріс шұғыл оперативті қызметтердің шақыру құрылғылары орнатылған. 

Шұғыл шақыру «SOS» батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады. Шақыруды қабылдауды АШШЖ  жүйесін пайдаланудың бекітілген қағидаларына сәйкес АШШЖ операторы (112 Бірыңғай диспетчерлік қызметке ұқсас) жүзеге асырады. 

Апат орны мен толық егжей-тегжейі оператордың электронды картасында бейнеленеді, Жол-көлік апаты (ЖКА) кәртішкесі дауыс арнасы бойынша жүргізушіден алынған ақпарат негізінде толтырылады. 

Іс-шараға қатысушылар АШШЖ жүйесін әзірлеушілер – ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің ҒТТИ ғалымдарына АШШЖ құрылысының ерекшеліктері, бүкіл жүйенің жұмысы, АШШЖ жұмысын бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктері жөнінде көптеген сұрақтар қойды. 

Бүгінгі күні «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандарының күшімен барлық 14 облыс орталықтарының және Астана мен Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттерінде АШШЖ жүйесі операторларының автоматтандырылған жұмыс орындары (АЖО) ашылды. 

«Енді әр өңірде АШШЖ операторының жұмыс орны бар, біз АШШЖ жүйесін іске қосуға толық дайынбыз»,-деп атап өтті ҒТТИ директорының бірінші орынбасары Нұрлан Сатеров. 

Опытная эксплуатация системы ЭВАК в Казахстане начнется  с 1 января

Талқылау қорытындылары бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап АШШЖ  жүйесін тәжірибелі пайдалану режимінде енгізу ұсынылды.    

ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау атап өткендей «Қазақстандық  АШШЖ жүйесін құру ең аз қаржыландыру және Қазғарыштың Ғарыштық техника мен технологиялар институты мамандарының зор ынтасы арқасында мүмкін болды». 

«Бір жыл ішінде келелі мәселелер, соның ішінде ресейлік ГЛОНАСС-пен және еуропалық жүйемен ұштастыру мәселесі шешілетін болады. Сөйтіп, ЖКА кезінде ҚР, РФ, ЕО әлемдегі 112 бірыңғай диспетчерлік қызмет пультына сигнал келеді. Әртүрлі мәселелердің толық кешені ерекше шусыз шешілді, және біздің жүйе шетелдік аналогтардан кем түспейді», - деп жазады Facebook өзінің постында А.Рау ҰҒО барып келгеннен кейін.  

АШШЖ бағдарламалық жабдықтамасы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ЖЖНЖ диффренциалды түзету және мониторинг орталығының (ДТМО) серверлеріне негізделген, мұнда бір жыл ішінде АШШЖ жүйесінің тәжрибелік пайдалануы өтеді. 

Болашақта АШШЖ  деректерді өңдеу орталығын осында, Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығында ашу жоспарланып отыр.

Опытная эксплуатация системы ЭВАК в Казахстане начнется  с 1 января


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ