Главная Новости

Новости

28.12.2016
Марат Нұрғожин ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды

АСТАНА. КАЗАҚПАРАТ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 859 қаулысымен  Нұрғожин Марат Рахмалиұлы Қазақстан Республикасының ғарыш қызметін дамыту мәселелері бойынша ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі (ҚАӨ) вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚАӨМ баспасөз қызметіне сілтей отырып, «Қазақпарат» ХАА тілшісі.  

Марат Нұрғожин 1957 жылы 30 маусым күні дүниеге келген. 1980 жылы Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищені үздік бітірген, техникалық ғылымдар докторы, профессор. 

Еңбек жолын Қарағанды политехникалық институтында бастап, онда кіші ғылыми қызметкерінен бірінші проректорына дейін өсті. 

2004 жылы наурыз айында  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі департаментінің директорі қызметіне тағайындалды.  

Әр түрлі жылдары ҚР БҒМ Аэроғарыш комитетінің аппарат басшысы,  төрағасы, басқарма төрағасының орынбасары, Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі қызметтерін істеді. 

2008 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті,

2013 жылы тамызда «Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы бролып тағайындалды, 2016 жылы тамыз айында «Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ президентінің қызметіне тағайындалды. 

М.Р. Нұрғожин белсенді ғалым, 250-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік  жұмыстың, монографиялардың, оқулықтар мен оқу құралдарының, патенттердің, авторлық куәліктердің және зияткерлік меншік туралы  куәліктердің авторы болып табылады. 

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік наградаларымен: «Кұрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, мерейтойлық медальдармен, «Қазақстан Республикасы білім беру саласының  құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға  қосқан жетістіктері үшін» төс белгілерімен марапатталды. 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 350 Жарлығына сәйкес құрылғанын еске түсірейік. 

Бұрынырақ  ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі  вице-министрлері қызметіне, ақпараттандыру және байланыс (киберқауіпсіздік) саласында ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін Голобурда Дмитрий Васильевич (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 702 қаулысы) және  Рамазанов Арман Қаирбекұлы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 707 қаулысы) тағайындалған, ол жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті құру және дамыту, бірыңғай әскери-техникалық саясат жүргізу, қорғаныс тапсырысты құру, орналастыру және орындау мәселелеріне жектешілік етеді.



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ