Главная Новости

Новости

29.12.2016
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының президенті тағайындалды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Бүгін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі  министрі Бейбіт Атамқұлов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жаңа басшыны таныстырды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімімен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ президенті болып Ерғазы Нұрғалиев тағайындалды, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі. 

«Кеше компанияның бұрынғы басшысы Марат Нұрғожин ғарыш қызметін дамыту вице-министрі болып тағайындалды, бұл оның кәсіби қызметінің жоғары бағасы. «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясында бүгін біз тағайындау жүргізудеміз, оған Қазақстанда ғарыштық технологияларды құру жөнінде үлкен және маңызды міндеттер жүктелген. Олардың ең бастысы – ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін салу», - деп атап өтті Атамқұлов.  

Назначен президент нацкомпании «Қазақстан Ғарыш Сапары»

Ерғазы Нұрғалиев 62 жаста.  1977 жылы  «сәулет» мамандығы бойынша Өскемен құрылыс-жол институтын бітірді, 2001 жылы «юриспруденция» мамандығы бойынша Мәскеу Халықаралық экологиялық-политологиялық университетті аяқтады.  

Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін, 1977 жылы құрылыс әскерлері лейтенанты лауазымында қызмет атқару үшін Байқоңыр ғарыш айлағына жіберілді.  

1977-1979 жылдар аралығында КСРО ҚМ 130 Бас құрылыс басқармасының бөлімшелерінде қызмет етті. Байқоңыр ғарыш айлағының  «Протон», «Энергия-Буран» старттық және техникалық кешендер құрылысында жұмыс істеді.    

1979 жылдан бастап 1989 жыл бойы ғарыш айлағының күрделі құрылыс басқармасында әртүрлі инженерлік қызметтерде жұмыс істеді. Байқоңыр ғарыш айлағының  еңбегі сіңген құрылысшысы. 1989 жылы Ленин қалалық депутатар кеңесінің Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 

Ленинск қаласының алғашқы құрылымында 1992-1994 жылдары қаланың бас сәулетшісі, Ленинск қаласы әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарды.  

«Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру жағдайында 1995 жылы Нұрғалиев ҚР Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Байқоңыр ғарыш айлағындағы арнайы өкілі болып тағайындалды.  

Мемлекет басшысының Байқоңыр ғарыш айлағындағы алғашқы арнайы өкілі жауапты қызметінде он жылдай жұмыс істеді.  

Байқоңыр ғарыш айлағының ардагері, ғарыш кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін 2011 жылы «Байқоңыр қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.  

2005-2007 жылдар аралығында «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорнының бас директорінің бірінші орынбасары қызметінде жұмыс істеді.  

Байкоңырда шамамен 30 жыл тұрды және жұмыс істеді.  

2007 жылғы қазан айында Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.  

ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің қайта құрылуымен байланысты 2014 жылғы тамыздан 2016 жылғы қазан бойы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.  

2016 жылғы қарашадан бастап ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары.  

Мынадай мемлекеттік марапаттары: «Достык» II дәрежелі ордені, «Парасат» ордені бар, ҚР мерейтойлық медальдарымен, әртүрлі елдердің ғарыш агенттіктерінің ведомстволық марапаттарымен, ҚР және РФ белгілерімен және дипломдарымен марапатталды. 

Министр «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұжымына табысты жұмыс тіледі және Қазақстан ғарыш саласының барлық қызметкерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Назначен президент нацкомпании «Қазақстан Ғарыш Сапары»


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ