Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

08.01.2017
Қазақстандық инженерлер жерсеріктер үшін күн бергіштерді жасайды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ -   «Ғалам» бірлескен Қазақстан-Француз кәсіпорыны аэроғарыш саласындағы аса ірі еуропалық концерн Airbus D&S үшін ғарыштық мақсаттағы толымдауыштардың бірінші қазақстандық өнім берушісі болады, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі. 

Бұл туралы жарты жыл бұрын, БАҚ өкілдері Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығына баспасөз-тур кезінде STSAT болашақ қазақстандық жерсерік үшін күн бергіштер өндіретін тәжірибелі учаскенің таза бөлмелеріне барғанда алғашқы рет мәлімденді. 

Бүгінгі күні «Ғалам» ЖШС STSАТ ғылыми-технологиялық мақсаттағы бірінші қазақстандық жерсерікті жасау бойынша іске асырылатын жоба шеңберінде 4 күн бергіш жасап жатыр, оның біреуі жерсеріктің бортында орнатылады, қалған үшеуімен жерүсті сынақтары жүргізіледі. 

Күн бергіш күннің бұрыштық орналасуын өлшеуге және аппаратқа дәлдеу үшін жоғары дәлдік қажет болмаған жағдайларда, ғарыш аппаратының қозғалысын басқаратын борттық жүйе үшін пропорционалды электр сигналдарын қалыптастыруға арналған. 

«Ғалам» ЖШС даму директоры Сергей  Мурушкин айтқандай, BASS-17 мен BASS-7 күн бергіштерді жасау технологияларын тапсыру шеңберінде «Ғалам» ЖШС мамандары Airbus D&S концерні өндірістік қуаттарының базасында Тулуза қаласында күн бергіштер жасау жөнінде бес апталық оқу курсын өтті. Тағылымдама кезеңінде BASS жұмыс учаскесінде BASS-17 күн бергіштің бірінші ұшу үлгісі жасалды. Қазақстанда бірінші ұшу үлгісін жасау 2016 жылы мамырдың 12-нен 31-не дейін жүзеге асырылды. Бергішті жинаудың бүкіл үдерісін Airbus D&S сапа жөніндегі инспекторы тексерді және бақылады. Бірінші ұшу бұйымы герметикалық контейнерге салынып, Тулуза қаласына сынақтарға жіберілді. Күн бергіш 6 апта ішінде сынақтан өтті. Сынақтар нәтижелері  «Ғалам» ЖШС мамандары жинаған PFM1 күн бергіш барлық сапа нормаларына сәйкес келетінін көрсетті. 

Солнечные датчики для спутников производят казахстанские инженеры

Белгілі болғандай, «Национальное агентство по технологическому развитию»  АҚ (НАТР) ғарыштық мақсаттағы күн бергіштер өнідірісі жөніндегі жобаны қолдады. «НАТР» АҚ Airbus Defense and Space (Airbus DS) компаниясының технологиялар трансферті арқылы ғарыш аппараттары үшін күн бергіштер өнідірісіне «Ғалам» ЖШС-ке грант бөлді», - делінген Facebook-тегі НАТР парақшасында.

«2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасына орай  «Ғалам» ЖШС қазақстандық нарықтың ішкі қажеттілігі жылына 5 бергіш деп бағалайды», - деп атап өтілген хабарламада.

Солнечные датчики для спутников производят казахстанские инженеры


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ